«Ұлы дала – көшпенділер әлемі» атты халықаралық этно-фестиваліне шақырамыз
Құрметті ҚазҰМУ ұжымы және білім алушылары!
Сіздерді 23-24 маусым күндері Алматы қаласы, Алатау ауданы «Боралдай Сақ қорғандары» археологиялық паркінде өтетін Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» атты халықаралық этно-фестиваліне шақырамыз (дәстүрімізге құрмет көрсету мақсатында ұлттық киімде келгендеріңіз абзал).
Фестивальға жиналған халық көшпенділердің өткен дәуіріне саяхат жасайды. Түрлі іс-шаралар, викториналық ойындар мен сайыстардан сыйлықтар ұтып алып, қызықты шеберлік сабақтарына қатысып, көңіл көтереді.
Мысалы, жігіттер күш сынасып, палуандар сайысына түссе, қыз-келіншектер ұлттық тағамдарды ескі тәсілдермен дайындаудың құпиясымен танысады. Сондай-ақ, көрермендер арасында «Ең әдемі ұлттық киім» байқауы ұйымдастырылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталады.
«Ұлы дала –көшпенділер әлемі» Халықаралық фестивалінде:
- Көш шеруі
- Этноауыл
- Ат құлағында ойнайтын шет елдік және қазақстандық шабандоздардың сан түрлі өнері
- Әлемнің және Қазақстанның ең үздік этномузыканттарының өнері
- Ұлттық ойындар: көкпар, аударыспақ, қыз қуу, асауға тұсау салу, теңге ілу, жамбы ату
- Ұста, зергер, қолөнерші шеберлердің, ұсталардың өнері
- Ұлттық тағамдарды дайындау мен қолөнерден шеберлік сабақтары
- Балалар алаңы
- Алтыбақан
- Жастар аймағы
- Құсбегілер, мергендер мен палуандар сайысы, отбасылық жарыстар
- Гала-концерт
Күні және уақыты: Фестиваль 23-24 маусым күндері таңертеңгі сағат 10.00 – 19.00 аралығында өтеді.
Өтетін орны: Алматы қаласы, Алатау ауданы, «Боралдай Сақ қорғандары» археологиялық паркі.
Көрермендер үшін Астана алаңынан, Орталық стадионы, Алатау дәстүрлі өнер театры, Саяхат автовокзалынан әр жарты сағат сайын арнайы автобустар жүреді. Кіру тегін.
Бұл – сіз бен біздің тарихымыз!
Ұлы даланың мәңгілік дастанынбірге жырлайық!
Жастар саясаты басқармасы