Әз-Наурыз 2025 – ҚазҰМУ-да!
Құрметті ҚазҰМУ ұжымы және студенттері!
Сіздерді 2025 жылдың 18 сәуірі күні, сағат 12:30–17:00 аралығында С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың Бас ғимарат алдындағы алаңында өтетін «Әз-Наурыз 2025» мейрамына шақырамыз.
Баршаңызды ұлттық дәстүр мен жарқын көңіл-күйге толы мерекелік шоу-бағдарлама күтеді!
Бағдарламада:
- Театрландырылған қойылым мен арнайы концерттік бағдарлама
- Ұлттық спорттық ойындар
- Марапаттау рәсімі
- «Университет Аруы – 2025»
- «Университет Барысы – 2025»
Қазақы дастархан жайылып, ұлттық тағамдар ұсынылады — дәстүрлі дәм мен шынайы мейірімді бірге сезініңіз!
Әз-Наурыз — бұл жаңару, ұлт бірлігі мен шаттықтың жаршысы!
