«Әл-Фараби әлемі» атты іс-шара
2020 жылдың 10 ақпан күні ҚазҰМУ-дың 4 залда Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әл- Фараби танушыларымен Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының ұйымдастыруымен « Әл- Фараби әлемі» атты іс-шара өтті. Жалпы медицина мектебінің студенттері белсене қатысты.
Іс-шараның мақсаты: Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл-Фарабидің өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан-жақты ерекше тұлға болғандығын айтып жеткізу және шығармашылықтан үзінді келтіре отырып, мән-мағынасын ашуға негізгі ойды өз сөздерімен жеткізе білуге жетелеу болды. Студенттердің тұлға ретінде парасаттылыққа, әркімнің өз алдында игілікті мақсат қоя білуіне, адамның өз мінез-құлқын , іс-әрекетін ерікті түрде қалыптастыру және жетістіктерін насихаттау және студенттерді ғылыми жұмыстарға қызықтыру.
Іс-шара барысында Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әл- Фараби танушылары Амиркулова Ж.А, Тулентаева К.А « Әл-Фараби ізгі қоғамидеяларының негізіндегі AL-FARABI UNIVERSITY SMART CITY» «Әл-Фараби ғұмыры» тақырыпта баяндамалар жасалып, Әбу Насыр Әл–Фарабидің өмірімен, шығармашылығымен таныстырды. «Жалпы медицина» факультетінің студенттері келесі тақырыптарда баяндама жасады:
1) «Әл-Фарабидің медицинаға қосқан үлесі» атты тақырыпта Жалпы Медицина мектебінің студенті Жолдас Динара баяндама оқыды.
2) «Әл-Фараби және тіл философиясы» Баяндамашы: ҚазҰУ журналистика факультетінің студенті Амандықова Әсел.
3) «Әл-Фараби және тіл философиясы» Баяндамашы: ҚазҰУ журналистика факультетінің студенті Амандықова Әсел.
Бабамызға арналған студенттердің жеке арнау шығармаларын орындады.
Іс шара кезінде кітапхана ұжымы осы тақырыпта кітап көрмесін ұйымдастырды.
Іс- шара соңында белсене қатысқан студенттер сертификатпен марапатталды.