Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында «Қазақстан білім күндері» білім көрмесі өтті
Жақын арада, 2017 жылдың 22-23 мамыр күндері Ташкент қаласында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің және Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан Елшілігінің қолдауымен «Қазақстан білім күндері» білім көрмесі өтті.
Көрме жұмысына 40 жуық қазақстандық жетекші жоғары оқу орындары, соның ішінде С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Назарбаев Университет, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатыснастар және әлім тілдері университеі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет, Сулейман Демирель Университеті, Нархоз, АлмаУ, Қазақстан-Британдық Техникалық университет және басқа университеттер қатысты.
Қабылдау, кәсіби бағдар беру, студенттерді дамыту және бітірушілерді жұмыспен қамту басқармасының басшысы Кусаинова Асель және жетекші маман Абжанова Кулимкан талапкерлерге – жалпы білім беретін мектептердің бітірушілерін, лицей және колледж түлектеріне Университетке түсу туралы кеңес берді.
Білім көрмесі өткен екі күн барысында Қазақстан Республикасының бірінші медициналық ЖОО-мен танысуға мүмкіндік берген Университет туралы презентациялар және фильм көрсетілді.
Білім көрмесіне келушілерге ҚазҰМУ факультеттері мен мамандықтары туралы ақпараттық проспектілер, буклеттер және ақпараттық парақшалар берілді.
ҚазҰМУ-ға қызығушылық танытқан және Университетімізге оқуға түсу үшін құжат тапсырам деуші абитуриенттер көп болғандығын атап өту қажет.
Қабылдау, кәсіби бағдар беру, студенттерді дамыту
және бітірушілерді жұмыспен қамту басқармасы