«Өркендеген менің ауылым» атты суреттер көрмесі
Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының ұйымдастыруымен қазан айының 29 күні студенттер арасында «Өркендеген менің ауылым» атты суреттер көрмесі өткізілді.
Мемлекет басшысы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын ұсынып, жас ұрпақтың бойына сүйіспеншілік, патриоттық сезімді қалыптастыру керектігін атап өтті. Мақаланың басты бөлігі туған жердің ұлттық құндылықтарын қадірлеуге арналған. Туған жерге деген сүйіспеншілік туған тарихыңды тереңнен білуден басталады.
«Туған жер» бағдарламасының міндеті жастарды өз ауылына, қаласына, өлкесіне, оның тарихына, мәдениетіне, дәстүрлеріне, тұрмысына және Отан алдындағы адамгершілік борышына деген сүйіспеншіліктен, мақтаныш пен адалдықтан көрінетін шынайы патриотизм сезімін тәрбиелеу мақсатында «Жалпы медицина» мамандығының 1- курс студенттері өз ауылының өркендеуін суреттер, презентация, бейнероликтер арқылы таныстырды. Суреттер көрмесінде еліміздің Тәуелсіздік алған жылдарында ауылдың өркендеп, дамуын өз шығармашылықтары арқылы көрсете алды. ЖМ 21-012-1топ студенті Қонысбайқызы Балауса өлең жолдарын арнады. Сонымен қатар ЖМ 21-012-1топ студенті Сапар Бейбарыс «Аңсау» атты күй орындады. ЖМ 21-015-1 топ студенті Ғалымқызы Айым «Туған өлке тарихы-ұрпақ тағылымы» атты презентациясын ұсынды. Студенттердің дайындаған бейнероликтері тамашаланды. «Өркендеген менің ауылым» атты суреттер көрмесіне «Жалпы медицина-1» мектебінің декан орынбасарлары Қ, Жакупова, А. Маймакова және тәрбие жұмысы және студенттерді әлеуметтік қолдау мен мәдени-шығармашылық жобаларды жүзеге асыру бөлімінің бас маманы Р. Жармағанбет және молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының ұжымы қатысты. Көрме соңында студенттердің жасаған еңбектерін бағалап, І,ІІ және ІІІ дәрежелі дипломмен марапталды.
Ключевые слова:
https://news kaznmu edu kz/kaz/өркендеген-менің-ауылым-атты-сурет/