№6 жатақханада шетел студенттерімен жиналыс өткізілді
2018 жылдың 12 ақпан күні сағат 19.00-де ҚазҰМУ-нің №6 студенттер жатақханасында «Neo Institute of Medical Scinces and Technology LTD», India компаниясының басшысы – Бурра Дивия Сунита Радж, «Халықаралық медицина» факультетінің декан орынбасары – Мұхамедиева Г.М., курс бойынша мамандар – Аблизова М., Алтыхай А., Махамбетова Н. және Жастар саясаты басқармасының қызметкерлері – Сеитова И.А., Дат Мухаммадтың қатысуымен шетел студенттеріне жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында: бөлмелердегі тазалық, студенттердің сабақ үлгерімі, жатақханадағы тәртіп және т.б. сұрақтар бойынша әңгіме-кеңес жүргізілді. Жиналысқа қатысқан студенттер саны: 90 студент;
Жастар саясаты басқармасы