Ауыл балалары тегін стоматологиялық тексеруден өтеді
Единая Казахстанская Ассоциация стоматологов, Институт стоматологии КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, Национальная Палата здравоохранения Республики Казахстан и компания Colgate Рalmolive под руководством Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан запустила Национальный Проект «Ослепительная улыбка на всю жизнь» по стоматологическому осмотру и оздоровлению детей и подростков, проживающих в сельской местности. Будут оздоровлены до конца года 5 500 детей, всего в результате Проекта — 50 000 детей и подростков. В работе примут участие студенты старших курсов Института стоматологии КазНМУ и ЗКГМУ.
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат
Шалғай ауылдарда тұрып жатқан оқушыларға тегін стоматологиялық көмек көрсетілетін болды. Мамандар жыл соңына дейін Алматы, Ақтөбе облысының 5300 оқушысын тегін қарап, көмек көрсетуді жоспарлап отыр. Келесі жылы барлық Қазақстан бойынша 50 мың оқушыны қамту көзделген.
Жаңа әлеуметтік жобаны Қазақстан стоматологтарының бірыңғай қауымдастығы мен «Колгейт» халықаралық компаниясы біріге отырып жүзеге асырмақ.
ҚР бас стоматологы, жобаның бастамашысы Сәуле Есембаеваның айтуынша, ауыл балаларының стоматологиялық денсаулығы өте үлкен әлеуметтік проблемаға айналып отыр. Қазіргі таңда балалар арасындағы тісжегінің таралуы 74 пайызды құрап отыр.
«Ауыл балаларына стоматологиялық көмек қол жетімді болмай отыр. Олар ең жақын орналасқан аудандағы стомкабинетке 180 шақырым жүріп барады. Әрине, науқасқа бір емес, бірнеше рет келу қажет болады. Жұмысы, үй-жайы бар ата-ана қайта-қайта аудан орталығына сабыла алмайды. Оған қаражаты да жетпейді. Ата-ана не істейді? Әрине, тісті жұлдырады. Содан, қазіргі шынайы көрініс: ауылдағы 30-ға толмаған жастардың 70 пайызы кетік. Бұл жастардың дені сап-сау деп айта алмаймыз. Тістің кетіктігі асқазан ауруларына, жүрек-қантамырлары ауруларына әкеп соғады. Ал, ауыз қуысының денсаулығын жас кезден қорғасақ, мемлекет қаржысын үш есе үнемдеуге болатыны рас», — деді Сәуле Есембаева.
50 студент пен 37 профессордан тұратын алғашқы бригада қараша айында Алматы облысына аттанады.
С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті топтарды қажетті көлікпен, бір реттік құралдармен қамтиды.
Тісі ауыратын балалар «Колгейт» компаниясының жылжымалы қызметінің бірден емдеуге алынады.
Мұндай ауқымды шара елімізде тұңғыш рет ауыл оқушыларының стоматологиялық денсаулығы туралы нақты статистикалық дерегін қалыптастыруға септігін тигізбек.
Негізінен барлық мектеп оқушылары тексеріледі. Алайда, карта тек 7-8, 12, 15 жастағы балаларға ғана толтырылады.
«7-8 жастағы балалардың тұрақты тісі қалай өскендігі, 12 жастағы балалардың тістемінің қалай қалыптасқандығы, 15 жастағы балалардың пародонты бар-жоғы тексеріледі. Студенттердің бір тобы гигиеналық тазалықты түсіндіретін болса, бір бөлігі диагностикалық тексеру жасап, интерндер емдейтін болады. Біз тек Алматы стоматологиялық институтының студенттерін ғана емес, Ақтөбе медициналық университетінің де студенттері мен түлектерін жұмысқа жұмылдырамыз. Мен оларға алдын-ала тренинг өткіземін», — деді С.Есембаева.
Жаңа әлеуметтік жобаға мұрындық болған ҚР бас стоматологы Сәуле Есембаева келесі кезеңде қарт кісілердің денсаулығын түзеуге ден қоятындықтарын жеткізді.