С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Тәуелсіздік күнін» атап өтті.
2014 жылғы 15 желтоқсан күні университетіміздің «Даңқ Залында» «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне» арналған салтанатты жиын өтті.
Жиынға университет оқытушылары, қызметкерлері қатысты.
Мерекелік жиынның алғы құттықтау сөзі Университеттің бақылау кеңесінің төрағасы, академик Т.Ш. Шармановқа берілді.
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы Г.А. Малик «Тәуелсіз Қазақстанның жетісітіктері» жөнінде баяндама жасады.
Мерекеге орай арнайы құттықтау тілектерімен №1Қалыпты анатомия кафедрасының меңгерушісі, профессор Т.М. Досаев және Коммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасының меңгерушісі, профессор М.А. Асимов сөз сөйледі.
Мерекелік шара марапаттау рәсімімен жалғасты.
Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша, жыл басынан бері істелінген жұмыстардың нәтижесі бойынша «Тәуелсіздік күніне» орай Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі атынан, университет әкімшілігі тарапынан университетіміздің оқытушылары мен қызметкерлеріне төс белгілері, мақтау грамоталары , алғыс хаттар және С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің алтын, күміс, қола медальдары табысталды.
Университет атынан алғыс хаттар мен мақтау қағаздарға ие болған оқытушылар мен қызметкерлерге атқарған көлемді еңбектеріне алғыс айтылды.
Қорытынды сөзді университет ректоры, профессор А.А. Ақанов сөйлеп, университеттің талант иегерлерін марапаттады.
Марапаттау рәсімінен соң жиын концерттік бағдарламамен жалғасты.
Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаментінің қызметкерлері өлең оқып, ән орындап, өз өнерлерін көрсетті.
Мерекелік жиын жоғары деңгейде өтіп, жиын қатысушылары көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.