«Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі»
С.Ж. Асфендияровтың 125 жылдық мерейтойына арналған «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» атты «KazNMU Arlans» дебат клубының ұйымдастыруымен Алматы қалалық дебат турнирі өтті
2014 жылдың 02 қарашасында С.Ж. Асфендияровтың 125 жылдық мерейтойына арналған университет көлемінде «KazNMU Arlans» дебат клубының ұйымдастыруымен, Ұлттық салауатты тағамтану орталығының қатысуымен «Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі» тақырыбында Алматы қалалық студенттік жастар арасында дебат турнирі өткізілді.
Аталған іс-шараға Алматы қаласындағы 12 жоғары оқу орнының студент жастары қатысты. Құрамында 78 команда бар (Байланыс жігіттері, Алтын Сапа, Ника, АэЖБУ 2, «КБТУ алға», Алтын сапа 2, Ахинэя, Триумф, «Аргумент», Аян мен Еңлік, «Шәкірттер», «Аргумент», «Көкбөрілер» , «Денсаулық сақтау Министрлігі», «Жастар жалыны», Атамекен, Билер Ордасы Казыбек Би Фракциясы, Билер ордасы Толе Би фракциясы, АЭжБУ, «ПСЮ», Билер Ордасы Майқы Би, «Нархоз», «Нұрлы нөсер» және т.б.) дебат турнирі «медицина және дұрыс тамақтану» туралы өзекті мәселелерді талқылады.
Ақтық ойынға 2 команда: Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінен «Нұрлы нөсер» және Сулеймен Демирелі атындағы университеттің «Триумф» командасы қатысып, Сулеймен Демирелі атындағы университеттің «Триумф» командасы кубокты жеңіп шығып, қатысқан командаларға алғыс хаттар мен ескерткіш сыйлықтары берілді. Дебат турниріне қатысқан барлық командалар ізгі тілектерін білдіріп, келесі турнирлер туралы да хабарлап өтті.