Салауатты тамақтану-денсаулық негізі
Ағымдағы жылдың 11 қыркүйек күні С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де «Салауатты тамақтану-денсаулық кепілі» атты акция болып өтті.Акцияның өтуіне үлкен септігін тигізген Қазақ Ұлттық Салауатты тағамтану академиясының Алматы қаласы бойынша бас маманы Қожахметова Айгүл Нағашбекқызы және Алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының дәрігері Гүлмира Болатқызы болса,іс-шараны ұйымдастырып,бастамасын бастаған университетіміздің студенттік үкіметінің төрағасы Бөріхан Ерболат Абайұлы және стоматология факультетінің студенттік үкіметі болды.Акция барысында студенттік аренаға жиналған студенттер арасында көптеген пайдалы әрі қызықты ойындар ойнатылып,жеңімпаздарға сыйлықтар таратылды. Арнайы дайындалған кішігірім концерттік бағдарламада қойылды.Сонымен қатар ұстаздармен студенттерге пайдалы дәрумендерге толы жеміс-жидектер таратылды.Акция соңында ұйымдастырушылар мен студенттер бірге суретке түсіп,көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.
Қорыта келе,бұндай іс-шаралардың баршамыз үшін үлкен пайдасы бар екенін айтқымыз келеді.Әр тағамның пайдалы әрі зиянды жағын біліп,ағзамызға пайдалы,құнарлы өнімдерді таңдап,пайдалана білсек,денсаулығымыздың жақсарғанына көз жеткізе аламыз деп ойлаймын.Сонымен бірге,адамға алғашқы медициналық көмекті қалай жүргізу керектігінде білмейтін қаншама студенттер бар.Бұнымен айтпағымыз осындай бағыттағы іс-шаралар болашақта университетімізде көптеп ұйымдастырылса деген ниет білдіргіміз келеді.
Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы
Ермек Динара