Студенттік өмірге бастама
Тоқта- тоқта, ей жігіт аялдағын,
Қане қалай жағдайың баяндағын,
Тәжірибе мектебінен өтіп жүрсең
Дәрігерлік кәсіпке таянғаның!!!
М. Мақатаев
Студенттік шақ үлкен өмірдің баспалдағы емес пе? Сол кезеңдердің жаныңда ыстық сәттері, қуанышты күндері болады. Ең қуанышты, естен кетпейтін мағыналы күніміз 2014 жылдың 2 желтоқсанында студент қатарына қабылдануымыз. Осы кездесу кешінде үлкен тебіреністе, толғаныста, қуанышта болдық. Толғанысымыз, тебіренісіміз біздің таңдап алған мамандықтың қиында, үлкен төзімділікті, ізденісті талап ететіндігі. Зор қуанышымыз сиқырлы да жұмбақ медицина әлемін оқып-үйреніп, Гиппократ антын қабылдап, адам жанының арашасы болатын, білімді де білікті дәрігер мамандығын алуда ерінбей, ізденіп оқып білім алуымызда.
Студенттік қатарға қабылдау кешінде 1-ші курс студенттеріне тәрбиелік тағылымы зор өнеге, келешегіміздің келбетті, болашағымыздын баянды болуы бүгінгі жастарға байланысты екені жайында тағамтану академиясының директоры Төрегелді Шарманов ұлағатты пікірін айтты. Сөз соңында жастар көп дүниені көкейлеріне түйіп, жаңа белестерді бағындыруға ерекше ынта жігер алды. Студенттерге ректорымыз Айқанов Ақан Айқанұлы жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.Сонымен қатар іс-шара барысында студенттердің көніл- күйін көтеру мақсатында көңілді тапқырлар клубы өнер көрсетіп, үндіс елінен білім іздеп келген 1-ші курс студенті ән айтып зор қошеметке бөленді.
Жүректі жырға бөлейтін, жастық шақтың жалынына осылай тағы куә болып, студент қатарына қабылдандық. Біздер үшін үлкен мейрам болды. Ақ халатқа дақ түсірмей, университетіміздің мәртебесін биік ұстап, білім алу жолында талмай талаптанайық. Еліміздің Президенті Н.Ә Назарбаевтың биылғы қазақ халқына “Нұрлы жол- болашаққа бастайтын жол” жолдауын нұрлы болашақтың бағдаршамы ретінде биік ұстап, студенттік өмірдің қиыншылығын жеңіп, жан- жақты білікті дәрігер мамандығын алып шығуды мақсат етеміз.
Жалпы медицина факультетінің
1 курс ЖМ14- 006-01 топ студенті
Нүсіпжан Таңшолпан