«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру» бойынша кездесу
12.11.2014ж. күні Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігі менСӘМҚДД-нің ұйымдастыруымен, тікелей университет ректорының қолдауымен, ректор Кеңесшісінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру»бойынша «Медицинадағы сыбайлас жемқорлық. Қылмыстық қудалауға әкелетін дәрігерлердің қателігі» тақырыбында университетіміздің докторанттарымен, магистрлерімен, резиденттеріменкездесу өткізілді.
Іс-шараның алғы сөзін университет ректоры — А.Ақанов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру»бойынша университетімізде көптеген іс-шаралар өткізілетіндігін айтып өтіп, дәрігер жастарға медицинадағы сыбайлас жемқорлық пен қылмыстық қудалауға әкелетін дәрігерлердің қателігі туралы өз ойын жеткізді.
Сонымен қатар кездесу қонағы Абдиев Данияр–Алматы қ. Экономикалық және сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыспен күрес Департаментінің,бөлім бастығы да өзінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру»бойынша «Медицинадағы сыбайлас жемқорлық. Қылмыстық қудалауға әкелетін дәрігерлердің қателігі» тақырыбында баяндамасын дәрігер жастарға жеткізе білді.
Университетіміздің ректор Кеңесшісі Мұстафина Жанар Ғабиденқызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзінің тәжірибесіндегі кездескен оқиғаларды, университетіміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды өткізу барысында кездескен оқиғаларды, оларға қандай жаза қолданғандықтары туралы да айтып өтті.
Кездесу барысында Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаментінің директоры Л.С.Шыңғысбаев – «Қазіргі таңдағы сыбайлас жемқорлықмедицинада ғана емес, ол қаржы саласы, білім саласы, экономика саласы, барлық салада бар, сонымен қоса оған қарсы бағдарламаны жүзеге асырубойынша жұмыстар да жүргізілуде. Адам баласы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу керек» деген ойын жеткізді.
Университеттің Студенттік Үкіметінің төрағасы – Бөріхан Ерболат – Осы залда отырған студен жастар, магистрлер, докторант ағаларымыз, барлық қоғам болып бірігіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуіміз қажет- деп кездесу қонақтарын қолдады.