УНИВЕРСИТЕТТІҢ СТУДЕНТТІК ҮКІМЕТІ ТӨРАҒАСЫН САЙЛАУ ТӘРТІБІ
УНИВЕРСИТЕТТІҢ СТУДЕНТТІК ҮКІМЕТІ ТӨРАҒАСЫН САЙЛАУ ТӘРТІБІ
- Жалпы ережелер
1.1 Университеттің Студенттік Үкіметінің төрағасын сайлау туралы ереже Университеттің Студенттік Үкіметінің ережесіне сәйкес қабылданды.
1.2 Осы Ереже «Университеттің Студенттік Үкіметінің төрағасының» сайлауының өткізілуін, тағайындалу, ұйымдастырылу және өткізілу тәртібін анықтайды.
1.3 Сайлаудың негізгі ұстанымдары:
а) сайлау жаппай, әр факультеттен сайлаушылар тең және тікелей сайлаушының құпия дауыс беру құқығы негізінде жүзеге асырылады;
б) сайлаушылардың сайлауға қатысуы ерікті болып табылады;
в) бекітілген сайлаушыларға сайлауға қатысуға немесе қатыспауға ықпал тигізуге, сонымен қатар олардың өз еркін білдіруге әсер етуге ешкімнің құқығы жоқ.
1.4 Осы Ережеде мына түсініктер қолданылады:
-сайлаушы – әр факультеттен факультет деканның қолы қойылған тізім бойынша ұсынылған 50 студент;
-кандидат – әр факультеттен ұсынылған (тәуелсіз кандидат) сайлауға қатысушы;
-сайлау алдындағы үгіттеу – сайлаушыларды дауыс беруге шақыру мақсатында жасаған ақпаратты тарату және дайындау бойынша сайлаушылар мен кандидаттардың қызметі;
-бақылаушы – дауыс беру барысында және дауыс беру қорытындысын шығару барысын қадағалаушы.
ІІ. Сайлау комиссиясы
2.1 Сайлау алды жұмыстарды және сайлауды ұйымдастыру үшін Сайлау комиссиясы құрылады .
2.2 Сайлау комиссиясының бірінші отырысында барлық қажетті құжатты жүргізетін және сақтайтын оның төрағасы және оның хатшысы сайланады.
2.3 Сайлау комиссиясының төрағасы болып студенттердің ұйымдардың төрағасының ішінен сайланады. Сайланған төраға өзіне хатшыны таңдайды.
2.4 Тәуелсіз куәгерлер ретінде әр факультеттің студенттік үкіметінің төрағалары сайланады.
2.5 Сайлау комиссиясы:
а) «Университеттің Студенттік Үкіметінің төрағасына» кандидаттарының тіркеуін жүргізеді;
б) сайлау науқанының барысын бақылайды;
в) берілген Ережені бұзған жағдайда кандидаттарды тіркеуден алып тастайды;
г) бюллетень дайындаумен айналысады;
д) дауыс беру рәсімін өткізеді;
е) сайлау қорытындысын шығарады және жеңімпаздарды анықтайды.
2.6 Сайлау өткізудің алдында Сайлау комиссиясының төрағасы тәуелсіз куәгерлердің қатысуымен дауыс беру жәшігін дайындайды, ал дауыс бергеннен соң жәшік Сайлау комиссиясының мүшелерімен ашылады және дауыс беру саны есептеледі.
2.7 Дауыс беру нәтижесі хаттамамен рәсімделеді. Хаттамаға Сайлау Комиссиясының барлық құрамы және тәуелсіз куәгерлер қол қояды.
2.8 Сайлау комиссиясының жұмысы басталған соң, ешкім оған араласа алмайды.
2.9 Куәгерлердің құқығы бар:
а) сайлау комиссиясының мүшелерінің әрекетін бақылау;
б) сайлау комиссиясының кез келген құжатымен және мәліметімен танысу.
ІІІ. «Университеттің Студенттік Үкіметінің төрағасы» қызметіне кандидатқа қойылатын талаптар
3.1 Аталған сайлауға әр факультеттен факультеттің студенттік үкіметінің мүшелерінің ұсынысымен бір ғана кандидат қатыстырылады.
3.2 Кандидат студенттік ұйымдардың төрағасы немесе студенттік ұйымдардың
мүшесі ретінде ерекше көзге түскен, сабақ үлгерімі жақсы, мемлекеттік және ресми тілді еркін меңгерген студент болуы қажет. Тәртіптік кеңеске түскен, немесе ескерту, сөгіс алған студенттер университеттің студенттік үкіметінің төрағалығы қызметіне жіберілмейді.
3.3 «Университеттің Студенттік Үкіметінің төрағалық» қызметіне кандидат Университеттің Студенттік Үкіметінің ережесіне 1 жылға сәйкес сайлау алды бағдарламасын құру қажет.
3.4 Құрамында фотосурет, резюме және кандидаттың бағдарламасы бар ақпараттық қағазын ұсынуы қажет.
3.5 Ар Кодексін сақтауы қажет.
3.6 Сайлауға бір күн қалғанда кез келген үгіттеу жүргізуді тоқтатуы қажет.
3.7 Университеттің Студенттік Үкіметінің төрағалық қызметіне кандидаттың құқығы бар:
а) сайлау алды үгіттеуге; сайлау алды үгіттеуі кандидаттың тіркелуінен соң бастала алады;
б) қолдау тобымен бірігіп, сайлау алды науқанының стратегиясын, тактикасын істеп шығаруға, жақсы имидж қалыптастыруға;
4 тарау. Сайлау алды үгіттеу.
4.1 Кез келген кандидат сайлау алды үгіттеуіне құқылы.
4.2 Сайлау алды үгіттеуі былайша жүргізіле алады:
а) сайлаушылармен сайлау алды кездесу нысанында;
б) үгіттеу қағаздарын, плакаттарын шығару және тарату әдісімен.
4.3 Сайлау алды үгіттеуі кандидаттың тіркелген күнінен басталады және сайлауға бір күн қалғанда тоқтатылады, сайлау күнінде кез келген сайлау алды үгіттеуіне тыйым салынады.
4.4 Сайлау алды үгіт-насихат кездесуін ұйымдастыру сайлау комиссиясының қатысуымен қамтамасыз етеді.
4.5 Сайлаушылармен кездесулер үзіліс кезінде, сабақтан кейінгі уақытта жүргізіледі.
4.6 Үгіттеу мәліметтері арнайы стендте немесе университет территориясындағы стендтерде ілінуге рұқсат.
4.7. Үгіттеу мәліметтерінің мазмұнына жауапкершілік кандидаттадың мойнына жүктеледі
Ү. Дауыс беру тәртібі.
5.1 Сайлау комиссиясының қарауына дауыс беру үшін университет әкімшілігінің келісімімен беріледі.
5.2 Сайлауға әр факультеттен факультет деканның қолы қойылған тізім бойынша ұсынылған 50 студент қатыса алады;
5.3 Университеттің студенттік үкіметінің төрағасын сайлауға көрсетілген тізімнен басқа
студенттерге дауыс беруге тиым салынады.
- Университеттің студенттік үкіметінің төрағасын сайлау жабық түрде, 1 кандидатқа ғана
құпия дауыс беру арқылы жүзеге асырылады.
5.5 Әр сайлаушы «Университеттің Студенттік Үкіметінің төрағасын» сайлау үшін бір сайлау бюлетенін алады, оның құрамында:
а) «Университеттің Студенттік Үкіметінің төрағасын» қызметіне кандидаттардың тізімі;
б) кандидат туралы дерек (Т.А.Ә., сынып) болады.
5.6 Дауыс беру сайлау күні сағат 16:00-18.00 сағат аралығында болады.
Сайлаушылар сайлау бюлетенін алған сәтте сайлау комиссиясының мүшесі сайлаушылар тізімінен оның тегін белгілейді, ал сайлаушы өзінің тегінің тұсына жеке қолын қояды.
5.6 Сайлау бюлетенінде сайлаушы өзі сайлайтын кандидаттың тұсындағы бос шаршыға кез келген белгі қояды
5.7 Толтырылған бюлетеньдерді сайлаушы сайлау жәшігіне салады.
5.8 Сайлау кезіндегі тәртіп комиссия төрағасымен бақыланады, оның үкімі дауыс беру бөлмесіндегі бәріне міндетті болып табылады.
5.9 Екі немесе одан да көп кандидатқа дауыс берген жағдайда немесе бюллетень дұрыс толтырылмаған жағдайда бюллетень жарамсыз деп есептеледі.
ҮІ. Сайлаушылар дауысын есептеу.
6.1 Сайлаушылар дауысын есептеу сайлау комиссиясының мүшелерімен жүзеге асырылады.
6.2 Дауыс беру уақыты аяқталған сәтте сайлау комиссиясының төрағасы дауыс берудің аяқталғанын хабарлайды. Сайлаушылар дауысын есептеу дауыс беру уақыты аяқталған сәтте басталады және дауыс берудің қорытындысын шығарғанға дейін үзіліссіз жүргізіледі.
6.3 Дауыс есептеу алдында төраға комиссия мүшелерінің және куәгерлердің қатысуымен қоданылмаған бюлетендерді санын атай келе өтейді.
6.4 Бюллетеньдердің санынан бірінші кезекте жарамсыз бюллетендерден бөліп алынады.
6.5 Сайлаушылар дауысын есептеп болған соң сайлау комиссиясы дауыс беру қорытындысы туралы хаттаманы екі нұсқада толтырады. Хаттамада беріледі:
а) сайлаушылар тізіміне енгізілген сайлаушылардың жалпы саны;
б) сайлау комиссиясымен алынған сайлау бюллетендерінің саны;
в) қолданылмаған өтелген бюллетендер саны;
г) дауыс беру бөлмесінде берілген бюллетендер саны;
д) сайлау жәшігінде бар бюлетеньдер саны;
е) жарамды бюлетендер саны;
ж) жарамсыз бюллетендер саны;
з) әр кандидатқа берілген сайлаушылар дауысының саны.
6.6 Хаттаманың бір нұсқасы сайлау комиссиясында сақталады, екіншісі Студенттердің әлеуметтік –мәдени құзыретін дамыту департаментінің өкілдеріне, кандидаттарға танысу үшін беріледі.
ҮІІ. «Университеттің Студенттік Үкіметінің төрағасы» сайлауының нәтижесін орнату.
7.1 Сайлау нәтижесін орнату сайлау комиссиясына жүктеледі.
7.2 Дауыс берудің қорытындысы туралы хаттаманың негізінде сайлау нәтижесі орнатылады. Сайлаушылардың көп дауысын иеленген кандидат жеңіске жетеді.
7.3Егер сайлаушылар дауысы тең болған жағдайда сайлауға қатысушы студенттер тепе-тең түскен кандидаттардың ішінен қайта сайлау жүргізетін болады.
7.4 Сайлау нәтижесін ресми түрде жарияланады.
7.4 Сайланған «Университеттің Студенттік Үкіметінің төрағасы» сайлау нәтижесін ресми жариялағаннан соң үшінші күні өз қызметіне кіріседі.
Cтуденттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін
дамыту департаментінің директоры Л.С.Шыңғысбаев
Студенттердің өзін-өзі басқару және
шығармашылығын дамыту бөлімінің бастығы Е.Т. Оразаев
Келісілді:
«Жалпы медицина» факультетінің деканы Р.Т. Джумашева
«Стомотология» факультетінің деканы Б.А. Амантаев
«Фармацевтика» факультетінің деканы У.М. Датхаев
«Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің деканының м.а. Т.С. Бегадилова