«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
2014 жылдың 10 қазанында ҚазҰМУ-дың «Даңқ Залында» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндірудегі республикалық ақпараттық топтың және Алматы қ. Алмалы ауданы әкімшілігі қастысуымен, Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаментінің ұйымдастыруымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс Комитеті төрағасының орынбасары Асылов Қуаныш Жұмабекұлы Жолдауды жан-жақты түсіндіру мақсатында университетіміздің студенттерімен кездесті. Кездесуде Қ.Ж. Асылов Жолдаудың жүзеге асыру жұмыстарын қарастырып, жастарға салауатты өмір салтын сақтауға, біліктілікті жетілдіруге, елге қызмет етуге шақырды. Патриотизм, жоғары мәдениеттілік, көшбасшылық туралы кеңінен мағлұмат берді. Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаментінің директоры Л.С. Шыңғысбаев өз сөзінде университетімізде Жолдауды орындауда ауқымды іс-шаралар атқарылып жатқандығын, оны жүзеге асыру бойынша стратегиялық жоспар құрылғандығын айтып өтті. Университетіміздің студенттік ұйым мүшелері, медицина студенттері Жолдаудағы айтылған маңызды тапсырмаларды жұмыла орындауға ат салысатындарын жеткізді. Кездесу барсында университет оқытушылары мен студенттері Жолдау бойынша сұрақтарын қойып, өз пікірлерін білдірді. Кездесуден соң Асылов Қуаныш Жұмабекұлы сұрақтары бар студенттермен жеке уақыт бөліп, тілдесіп, сұрақтарына жауап берді.