«Қазақстанның жоғары оқу орындарында «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын іске асыру жолдары» атты республикалық ғылыми-практикалық коференция
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы — 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауларының негізгі ережелері мен «Интеллектуалдық ұлт-2020» ұлттық жобасының басым бағыттарын одан әрі іске асыру мақсатында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті 2015 жылғы 13 ақпанында Қазақ Хандығының 550 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конститутциясының 20 жылдығы, Қазақстан Халқы Ассамблеясы жылына арналған «Қазақстанның жоғары оқу орындарында «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын іске асыру жолдары» атты республикалық ғылыми-практикалық коференциясын өткізеді.
Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның ұйымдастырушысы: ҚР Білім және ғылым министрлігі, Абай атындағы ҚазҰПУ.
Конференцияның мақсаты: Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын кеңінен талқылау және оны іске асырудың басым бағыттарын айқындау.
Конференция жұмысына қатысу үшін:
-Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері;
-Қазақстан Республикасының депутаттары;
-Қазақстан Республикасының ҰҒА, Қазақстан Халқы Ассамблеясы мүшелері.
-ҚР жоғары оқу орындарының ректорлары,
— жоғары білім беру мәселелері, жоғары педагогикалық білім, болашақ мамандардың зияткерлік әлеуеті мен бәсекелестік қабілеттілігін дамыту, жастарға ұлттық тәрбие беру, қазіргі жастардың бойында ұлттық сана-сезімді, жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мәселелерімен айналысатын (тарихшылар, философтар, әлеуметтанушылар, саясатанушылар, педагогтар, психологтар, географтар және т.б.) жетекші ғалым-зерттеушілер шақырылады.
Конференция жұмысында келесідей бағыттар қарастырылады :
— Қазақстан Республикасының стратегиялық құжаттары мен Президенттің Жолдаулары негізіндегі «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы;
— «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру контекстінде Қазақстан ЖОО-да болашақ мамандарды кәсіби дайындауды жетілдірудің мақсаты, міндеттері мен жолдары;
— «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының контекстінде болашақ мұғалімдерді кәсіби-педагогикалық дайындауды жаңғыртудың өзекті мәселелері;
— «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының контекстінде білім алушы жастардың ұлттық сана-сезімдерін қалыптастыру;
— «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы контекстінде ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің негізі ретінде болашақ мамандардың интелектуалды әлеуетін дамытудағы ЖОО-ың білім беру және тәрбие ортасының мүмкіндіктері;
— «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы контекстінде жастардың рухани-адамгершілік тұрғыда қалыптасуы.
Баяндамашылардың негізгі міндеті – Қазақстан ЖОО-да «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асырудағы басты мәселелерге қатысты өзіндік көзқарастарын білдіріп оны шешу жолдары бойынша нақты ұсыныстар беру.
Баяндамаларға қойылатын негізгі талаптар: қарастырылып отырған мәселені нақты және дәйекті түрде көрсете білу, практикалық маңыздылықтың, тұжырымдардың және ұсыныстардың міндетті түрде болуы. Баяндамашылардың қазіргі адам санасының ажырамас бөлігі ретіндегі ұлттық компонентті дамыту контекстінде жоғарғы педагогикалық білім беруді жетілдірудегі орындаоып жатқан жобалары, құрастырылған тұжырымдамалары жайлы ақпараттың болуы құпталады.
Конференцияға қатысу тегін.
Басқа қалалардан келетін қатысушылар назарына: Алматыда тұру шығыны мен транспорт шығындарының барлығы өз есебінен немесе өзін жіберіп отырған ұйым есебінен.
Конференцияның өтетін орны:
Алматы қ., Достық даңғылы,13 үй, Абай атындағы ҚазҰПУ, үлкен конференц- зал, 2-қабат.
Конференцияның жұмыс тәртібі: 13 ақпан
2015 жылдың 13 ақпаны | |
9.00 – 10.00 | — конференцияға қатысушыларды тіркеу (мекен-жайы: Достық даңғылы, 13 үй, бас ғимараттың фойесі) |
10.00 – 10.30 | — пленарлық мәжілістің ашылуы |
10.30 -12.30 | Пленарлық мәжіліс-ҚР БЖҒМ өкілдерінің, депутаттардың, Қазақстан Республикасы ҰҒА, Қазақстан Республикасы Халқы Ассамблеясы өкілдерінің сөз сөйлеуі
|
12.30 – 14.00 | — түскі ас |
14.00 – 15.30 15.30 – 16.00
16.00 – 16.30 16.30 – 17.00 |
а) ЖОО ректорларының сөздері;б)Абай атындағы ҚазҰПУ-і жобаларының презетациялары: «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы контекстінде және «Казахстан-2050» Стратегиясын іске асыру негізінде әзірленген «Қазақстан Республикасында педагогикалық білім беруді жаңғырту тұжырымдамасы», сонымен қатар (бірінші курс студенттеріне арналған) «Қазақ елі» эксперименталды оқулығының жобасы;
в) пікірталас (еркін микрофон); г) қарар қабылдау
|
Баяндаманы ресімдеу тәртібі:
- Мақала көлемі А4 форматты парақпен 5-7 толық бетке дейін электрондық форматта қабылданады. (файл MS Word). Мақаланы электронды поштамен және қағазға шығарылған бір данасы қоса тіркелуі керек. Мақала 2015 жылдың 30 қаңтарға дейін қабылданады.
- Мәтін Microsoft Office Word шрифтімен терілуі тиіс. Times new Roman, кегль 14, шеттері: жоғары, төменгі жағы 20 мм, сол жағы 30 мм, оң жағы 15 мм, интервал 1,0.
- Тақырыптың рәсімделуі: (жазу үлгісі, ортасында қара қою үлкен әріптермен) МАҚАЛАНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ; (келесі қатарда қара қою курсивпен, оң жақта) – мақала авторының аты-жөні толығымен; (келесі қатарда қара қою курсивпен, оң жақта) — ғылыми атағы мен дәрежесі, ЖОО атауы; қаланың немесе жұмыс орындалған мекеменің атауы; келесі қатарда курсивпен, оң жақта –E-mail;
- Бір жолдан кейін — мақала мәтіні;
- Бір жолдан кейін – «Әдебиеттер тізімі» жазуы болуы керек; Әдеби дереккөздерге сілтемелер (әдебиеттерді пайдалануына қарай, әдеби сілтемелер тік бұрышты жақшамен, мысалы [1, с. 77] соңында беріледі.
Көрсетілген мерзімнен кешіктіріліп жіберілген немесе талаптарға сай ресімделмеген материалдар қаралмайды және кері қайтарылмайды;
Ұйымдастыру комитеті мақалаларды іріктеу құқығын өзіне қалдырады.
Ғылыми мақалалар «Қазақстанның жоғары оқу орындарында «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру жолдары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға деген жазумен мына электрондық пошталарға [email protected], [email protected] жіберілуі тиіс.
Байланыс телефондары: 8-(727)-291-19-81; 8 701 726-77-21 – Қорлан Кабыкенқызы Жампеисова; 8-707-807-15-21 – Айман Еженханқызы Берікханова, 8-701-664-27-21 Қазына Асанқызы Бекбенбетова. Факс 8-(727) 2-93-81-85.
Мақаланы рәсімдеу үлгісі
|
Өтініш формасы
Өтінім | ||
1 | Оқытушының толық аты-жөні | |
2 | Ғылыми атағы, қызметі | |
3 | Жұмыс орны, ғылыми дәрежесі | |
4 | Мекен-жайы (индекс) | |
5 | Телефон, факс (халықаралық байланыс кодымен) | |
6 | Е-mail | |
7 | Баяндама тақырыбы | |
8. | Секция атауы | |
9 | Баяндамаға қажетті техникалық құралдар |
Конференцияның ұйымдастыру комитеті