Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында дәрігер-резиденттерге арналған дәрістер циклі өткізілді
2026 жылғы 18–26 маусым аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан медицина академасының Неврология, психиатрия және реабилитология кафедрасында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Жүйке аурулары кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD, дәрігер-невролог Радмила Тимсонқызы Цойдың қатысуымен дәрігер-резиденттерге арналған дәрістер мен практикалық сабақтар циклі өткізілді.
Білім беру бағдарламасы қазіргі заманғы клиникалық неврологияның өзекті мәселелеріне арналды және дәлелді медицина қағидаттарына, халықаралық клиникалық ұсынымдарға негізделді.
Дәрістер барысында келесі тақырыптар қамтылды:
- нейродегенеративті ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдері;
- когнитивтік бұзылыстарды ерте анықтау және деменцияның алдын алу мәселелері;
- балаларға вакцинация жүргізу мәселелері невролог дәрігердің көзқарасы тұрғысынан: қазіргі ғылыми дәлелдер, көрсетілімдері, қарсы көрсетілімдері және клиникалық тәжірибеде жиі кездесетін сұрақтар;
- күрделі клиникалық жағдайларды талдау, диагностикалық алгоритмдерді, дифференциалды диагноз қою және пациенттерді жүргізудің оңтайлы тактикасын талқылау.
Сондай-ақ сабақтар барысында халықаралық ғылыми жарияланымдар, заманауи клиникалық ұсынымдар және олардың күнделікті клиникалық тәжірибеде қолданылуы жан-жақты қарастырылды.
Оқыту интерактивті форматта ұйымдастырылып, нақты клиникалық жағдайларды талқылаумен, тәжірибе алмасумен және резиденттердің клиникалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған пікірталастармен толықтырылды.
Дәрістер циклінің жоғары деңгейде ұйымдастырылуына және академиялық ұтқырлық бағдарламасының табысты жүзеге асуына Оңтүстік Қазақстан медицина академасының Неврология, психиатрия және реабилитология кафедрасының меңгерушісі, профессор Назира Асанқызы Жарқынбекованың қосқан үлесі ерекше. Оның кәсіби қолдауы, жас мамандарды даярлауға деген жауапкершілігі, білім беру үдерісін ұйымдастырудағы жоғары деңгейі және ғылыми-педагогикалық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі зор құрметке лайық.
Академиялық ұтқырлық бағдарламалары Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, заманауи ғылыми жетістіктер мен клиникалық тәжірибемен алмасуға, халықаралық білім беру стандарттарын енгізуге және болашақ дәрігерлердің кәсіби даярлығының сапасын арттыруға маңызды үлес қосады.




