Деменция туралы хабардарлық күні: білім, қолдау және қамқорлық
2026 жылғы 23 қыркүйекте Алматы қаласының №1 ҚКА базасында Дүниежүзілік Альцгеймер ауруы және деменциямен күрес күні аясында деменция туралы хабардарлықты арттыруға және пациенттер мен олардың отбасыларына көмек көрсету тәсілдерін жетілдіруге бағытталған пәнаралық іс-шара өтеді.
Бұл өзекті ақпарат алуға, кәсіби тәжірибе алмасуға және мамандармен пікірлесуге арналған алаң болады.
Қатысушылар деменцияны ерте анықтау, диагностикалау және емдеудің заманауи тәсілдері, пациенттерге күтім жасау ерекшеліктері, сондай-ақ психологиялық және әлеуметтік қолдау мүмкіндіктері туралы біле алады.
Ұйымдастырушылар:
- Алматы қаласының №7 Қалалық клиникалық ауруханасы;
- С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Жүйке аурулары кафедрасы;
- Қазақстан Республикасы Неврологтар қауымдастығы;
- Қазақстандық Альцгеймер ауруы және деменция альянсы;
- Алматы қаласының №1 Қалалық клиникалық ауруханасы;
- Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен.
Іс-шара бағдарламасында:
- деменцияны ерте анықтау және диагностикалау;
- заманауи емдеу әдістері;
- когнитивтік және мінез-құлық бұзылыстары;
- пациенттерге күтім жасауды ұйымдастыру;
- туыстары мен күтім жасайтын адамдарды қолдау;
- деменциясы бар пациенттерге медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетудегі пәнаралық тәсіл.
Дәрігерлер мен медицина мамандарын, әлеуметтік қызметкерлерді, психологтарды, сондай-ақ деменция мәселесіне қызығушылық танытатын және өз білімі мен практикалық дағдыларын кеңейткісі келетін барлық азаматтарды қатысуға шақырамыз.
Сондай-ақ іс-шара деменциясы бар пациенттердің туыстары мен оларға күтім жасайтын адамдар үшін пайдалы болады.
Қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет: +7 702 359 22 40
Тіркелу кезінде көрсету қажет:
- қатысушының Т.А.Ә.;
- байланыс телефон нөмірі.
Білім деменцияны жақсырақ түсінуге көмектеседі, ал қолдау мен қамқорлық пациенттер мен олардың жақындарының өмірін жайлы етеді. Деменция туралы хабардарлықты бірге арттырып, деменциясы бар адамдарға сауатты көмек көрсету мәдениетін бірге қалыптастырайық!



