Денсаулық пен спорт мерекесі: Терренкурде жарқын Жүгіру күні өтті!
2026 жылғы 19 қыркүйекте Алматы қаласының көркем Терренкур аумағында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің туған күніне және Жүгіру күніне арналған ауқымды спорттық шара өтті. Мерекенің ұйымдастырушылары – С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Дене саулықтыру орталығы, Білім алушыларды қолдау және дамыту департаменті және Алматы марафоншылар клубы.
Бұл шара спортты, корпоративті рухты және сүйікті университетіміздің дәстүрлерін біріктірді. Мәре сызығына 100-ден астам қатысушы шығып, бірлік пен салауатты өмір салтын ұстанатындарын паш етті.
Жарысқа ҚР ҰҚК Шекара академиясының студенттері, Қонаев қаласынан келген скандинавиялық жүріс қонақтары, Марафоншылар клубының тәжірибелі мүшелері, ішкі аурулар кафедрасының оқытушылары, сондай-ақ ҚазҰМУ интерндері, резиденттері, шетелдік және отандық студенттері бірлесе қатысты.
«Бұл күн жігердің, достық пен денсаулықтың нағыз мерекесіне айналды. Осы күнді бізбен бірге бөлісіп, ортақ жеңіске үлес қосқан әрбір қатысушыға алғыс айтамыз!» — дейді ұйымдастырушылар.
Барлық қатысушыларды қашықтықты сәтті еңсерулерімен құттықтаймыз!
Қол жеткізген нәтижелермен шектеліп қалмай, жаңа шыңдарды бағындыра берулеріңізге және әрқашан тамаша спорттық формада болуларыңызға тілектеспіз!














