«Асфендияров оқулары» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
Құрметті әріптестер!
Сіздерді 2026 жылғы 14 қазанда өтетін «Асфендияров оқулары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырамыз.
Университеттің тұңғыш ректоры Санжар Асфендияровтың туған күніне арналған конференция «С. Ж. Асфендияров – ҚазҰМУ-дың тұңғыш ректоры және негізін қалаушы» тақырыбында өтеді. Оған ҚазҰМУ оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ шетелдік университеттердің өкілдері қатысады.
Конференцияның мақсаты – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы ғалым, профессор С. Ж. Асфендияровтың өмірі мен қызметін кеңінен таныстыру, ғылыми еңбектерін насихаттау.
Конференцияның негізгі бағыты – жаңадан жарық көрген зерттеулер негізінде Санжар Асфендияровтың қоғамдық-саяси қызметін зерделеу.
Өткізу форматы
Конференцияға офлайн және онлайн қатысуға болады.
Баяндамаға берілетін уақыт: 5–7 минут.
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері.
Өтетін күні мен уақыты: 2026 жылғы 14 қазан, сағат 11:00–13:00.
Өтетін орны: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, № 7 оқу корпусы, № 2 аудитория.
Конференцияға қатысу үшін 1-қосымшадағы өтінімді толтырып, 2026 жылғы 10 қазанға дейін [email protected] электрондық поштасына жолдау қажет.
Қатысу мәселелері бойынша Уалиева Сауле Кабдумаликовнаға хабарласуға болады:
Телефон: +7 777 152 1744 (WhatsApp).
Электрондық пошта: [email protected].
Ұйымдастыру комитеті
1-қосымша
Конференцияға қатысуға өтінім
«С. Ж. Асфендияров – ҚазҰМУ-дың тұңғыш ректоры және негізін қалаушы» тақырыбындағы «Асфендияров оқулары» конференциясы
| № | Қатысушы туралы мәліметтер | Толтыруға арналған баған |
| 1 | Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты | |
| 2 | Ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы | |
| 3 | Лауазымы мен жұмыс орны (мекеме мен құрылымдық бөлімшенің толық атауы), қаласы, елі | |
| 4 | Ғылыми жетекшісінің тегі, аты, әкесінің аты және ғылыми атағы (студенттер үшін) | |
| 5 | Баяндама тақырыбы | |
| 6 | Баяндама жасайтын тілі | |
| 7 | Электрондық поштасы | |
| 8 | Байланыс телефоны | |
| 9 | Қатысу форматы (офлайн немесе онлайн) |



