1st Erensau Health Forum халықаралық ғылыми-білім беру форумы
Құрметті әріптестер!
Сіздерді 1st Erensau Health Forum халықаралық ғылыми-білім беру форумына қатысуға шақырамыз. Форум 2026 жылғы 15–16 қазанда Алматы қаласындағы Swissotel Wellness Resort Alatau қонақүйінде өтеді.
Форум дәрігерлер, ғалымдар, медициналық ұйымдардың басшылары және халықаралық сарапшылар арасында кәсіби пікір алмасу мен тәжірибе бөлісуге арналған алаң болады. Іс-шараға Mayo Clinic (АҚШ) мамандары, сондай-ақ Қытай, Түркия, Литва және басқа елдердің жетекші клиникаларының өкілдері қатысады деп күтілуде.
Ғылыми бағдарламаның негізгі бағыттары:
- қан тамырлары хирургиясы және интервенциялық радиология;
- кардиология және кардиохирургия;
- торакалдық хирургия және пульмонология;
- абдоминалдық хирургия;
- онкология;
- гинекология;
- денсаулық сақтаудағы менеджмент және құқық.
Форум аясында ауызша ғылыми баяндамалар форматында Жас ғалымдар байқауы өтеді. Байқауға интерндер, резиденттер, жас ғалымдар, магистранттар және PhD докторанттары қатысуға шақырылады. Қатысу тегін.
Байқаудың негізгі мерзімдері:
2026 жылғы 30 қыркүйекке дейін – өтінімдер мен тезистерді қабылдау;
2026 жылғы 30 қыркүйек – 5 қазан аралығы – жұмыстарды бағалау және іріктеу;
2026 жылғы 15–16 қазан – қатысушылардың ауызша баяндамалары;
жеңімпаздарды марапаттау – форумның жабылу салтанаты аясында.
Байқауға форум бағыттарына сәйкес келетін түпнұсқа ғылыми жұмыстар қабылданады. Қатысушы жұмыстың негізгі авторы немесе зерттеуге айқындаушы жеке үлес қосқан тең авторы болуы тиіс.
Жұмыстар зерттеудің өзектілігі мен ғылыми жаңалығы, практикалық маңыздылығы, әдіснамасы, қатысушының дербестік деңгейі, материалды меңгеруі және жария қорғау сапасы бойынша бағаланады. Жеңімпаздарға дипломдар, сертификаттар және ақшалай жүлделер табысталады.
1st Erensau Health Forum форумына тіркелу:
Байқауға қатысу және материалдарды тапсыру мәселелері бойынша:
Абубакир Сатаев
E-mail: [email protected]
WhatsApp: +7 778 985 0605



