«Дұрыс тағам ішерсің – қуат алып жүрерсің!» тақырыбы бойынша пәндік олимпиада
«Дұрыс тағам ішерсің – қуат алып жүрерсің!» тақырыбы бойынша пәндік олимпиада
С.Ж.Асфендияров Қазақ Ұлттық медицина Университетінің 85-жылдығы және нутрициология кафедрасының 20 жылдығына орай, «Жалпы медицина» мамандығының 2 курс студенттерінің қатысуымен, студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін қалыптастыру Департаментінің қолдауымен кафедраның профессор –оқытушылар құрамы «Дұрыс тағам ішерсің, қуат алып жүрерсің» атты пәндік олимпиада ұйымдастырды. Бұл білім сайысының мақсаты салауатты тамақтануды насихаттай отырып, командамен жұмыс істеуде жауапкершілікке үйретіп, тәжірибелік дағдыларын шыңдау, командалық рух және ұйытқы бола білу қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік беріп, тәжірибелік және коммуникативтік дағдыларын жетілдіру. Қатысқан командалар: «Пайдалы салаттар», «Витаминдік сусындар», «Жеміс десерттері». Сайыс – ұраны, жарнама, көрініс, шебер-класс, дегустация сияқты кезеңдерден тұрды. Сайыс шарттары медициналық оқу орны студенттерінің тұлғасы мен студенттердің бойына бес құзыретті меңгеруі, дағдыларды игеруін шыңдау бойынша құрастырылған. Сайыс барысын саралайтын әділқазыларға «Жалпы медицина» мамандығының деканы Жұмашева Р.Т., орынбасарлары, коммуникативті дағдылар орталығының маманы Күләш Өмірзаққызы, Тәрбие бөлімінің көркемдік жетекшісі Салтанат Айкенқызы тағайындалып, сайыс барысына әділ бағаларын берді.
Алғашқы сайыс – ұраны бойынша «Жарнамада» «Витаминдік сусындар» командасы өз аттарына сай, табиғи шырындар мен ұлттық отандық қышқыл-сүт өнімдерінің пайдасына басты назар аудартып, ерекше ұлттық нақышта көрсетті, «Көрініс» сайысының шарты бойынша «Дұрыс тамақтануды насихаттайтын, дұрыс тамақтану дағдыларын ұстануды қолдайтын, зиянды тамақтану әдеттерінен бас тартуға итермелейтін көрініс» көрсетуде «Пайдалы салаттар» командасы «Ағзалардың жан-айқайы» атты фасту-фуд тағамымен қоректенетін адамның ішкі ағзаларының образын қазіргі цивилизация дертінің себепшісі болып кеткен тағамның зиянынан зардап шеккен ағзаларды шынайы сөйлетіп, көрермен студенттерге үлкен ой тастады. «Жанкүйерлер сайысында» әрбір команда өз жанкүйерлерімен бірге флеш-моб билеп, бірінен –бірі айрықшаланып, әсіресе билеу ырғағымен, көп жанкүйерлер санымен, бидің ұйымдастырылу шеберлігімен «Витаминдік сусындар» мен «Жеміс десерттері» командалары көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Шебер-класс сайысының шарты бойынша сахнада көрермендер алдында ұтымды, пайдалы өнімдерін қолданып, салауатты дастархан мәзірлерін даярлау қажет. Осы сайыс түрінде «Жеміс десерттері» командасы түрлі жемістерден айрықша жеміс композицияларын әділқазыларға ұсынды. Сайыс өте тартысты, әрі қызықты өтіп, өз мәресіне жетіп, жоғары ұпай жинаған «Витаминдік сусындар» командасы І орын, аз ғана ұпай айырмашылығымен «Жеміс десерттері» командасы ІІ орын, ролдік ойындарын жүргізуде ерекше шығармашылығымен көзге түскен «Пайдалы салаттар» командасы ІІІ орынға иеленіп, нутрициология кафедрасының алғыс хаттарымен марапатталды. Сайыстың көздеген мақсаты- біздің университетіміздің студенттерінің маман ретінде өзіне сенімділігін арттыру, шығармашылықты қалыптастыру болса, бүгінгі тамашалаған ойын барысында әрбір қатысушылардан командалық рух және ұйытқы бола білу қабілеттерін байқадық. Осындай шаралардың жоғары деңгейде ұйымдастырылуын, студенттердің нутрициология кафедрасынан алған білімдерін шыңдауда көрсеткен шығармашылығы мен өнерлеріне риза болған әділқазылар мен көрермендер ұйымдастырушыларға кафедраның доценттері: Хасенова Г.Х., Чуенбекова А.Б., аға оқытушы Қожахметова А.Н., оқытушы Нуржанова К.С. алғыс білдіріп, осындай шаралардың студенттер үшін «Арена» студенттер алаңында жиі өткізілуін дәстүрге айналуына тілектерін білдірді.