«Жаныңның саулығы – денсаулық байлығы»
Тәрбиелік іс-шара
7 сәуір 2023 жылдың Дүниежүзілік денсаулық күніне орай топографиялық анатомия курсымен біріккен С.Р.Қарынбаев атындағы анатомия кафедрасының лекторы Абилова Алтын Аскаровнаның басшылығымен және Жалпы медицина факультетінің 2 курс 17-18 топтар студенттері «Жаныңның саулығы- денсаулық байлығы» атты тақырыптағы тәрбиелік іс-шара өткізді. Іс шараға шақырылған аса құрметті қонақтар жалпы медицина факультеті деканының орынбасары Маймақова Айгерим Мейірбековна және анатомия кафедрасының аға тәлімгері Назым Бейсеновна Абиырова, лекторлар Искакова Л.А., Балапанова А.А. және ассистент Сайдахматова А.Қ. қатысты. Аға тәлімгер Назым Бейсеновна Дүниежүзілік денсаулық күнімен құттықтап, әрбір адамның денсаулығы өз қолында, ол үшін дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылдану керектігін ескертті. Осы іс-шарадан қажетті мәліметтер аласыздар деп сөз сөйлеп, студенттерге сәттілік тіледі.Студенттер Адамның денсаулыгы – қоғам байлығы, «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде», «бірінші байлық – денсаулық». Денсаулық ұғымына студенттер өз түсініктерін ортаға салып, белсене қатысып, өз ойларын талқылады. Жалпы медицина факультетінің 2 курс студенті Муратова Ақбота «Денсаулық» жайлы анықтамалар презентациясын көрсетті. Студенттер дайындаған бейнеролик, слайд, кроссворд, ойын ұйымдастырып денсаулық – адамның ең басты қасиеті де қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетінің орны толмас асыл қазына екенін студенттер денсаулықты бағалау керектігін түсінді. Сергіту сәтінде 2 курс студенті Ерсаинова Аманкүл күй тартты және Нурай Муқағали Мақатаевтың «Жоқ дәрігер» өленің оқыды. Белсене қатысқан студенттерге сыйлық берілді. Осы іс-шара арқылы студенттер денсаулық өмірде маңызды екенің түсінді. Бұл студенттерге аса маңызды тәрбиелік іс-шара болды.