Оқу ақысын төлеуге материалдық көмек алу үшін құжат қабылдау басталады
Құрметті С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ білім алушылары мен қызметкерлері!
Әлеуметтік қолдау және өзара іс-қимыл орталығы 2026-2027 оқу жылының оқу ақысын төлеуге материалдық көмек алу үшін білім алушылардан Әлеуметтік комиссия отырысына құжаттарды қабылдау жүргізілетінін хабарлайды.
Әлеуметтік көмек университет Басқармасының 24.05.2025 жылғы шешімімен бекітілген және университеттің ресми сайтында жарияланған Білім алушыларға әлеуметтік көмек көрсету туралы Ережеге сәйкес әлеуметтік санаттарға жататын, ақылы негізде білім алатын 2-ші курстан жоғары білім алушыларға көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау мерзімі мен мекен-жайы: №2 оқу корпусы, №418а кабинет, 2026 жылдың 15 қыркүйегі мен 15 қарашасына дейін.
Қабылдау уақыты: 09:00-17:30-ға дейін. Түскі үзіліс: 12:30-14:00-ге дейін.


