«Медицина үздігі – 2023» республикалық конкурсы
Құрметті профессорлық-оқытушылық құрам қызметкерлері және ғылыми қызметкерлері!
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Медицина үздігі – 2023» республикалық конкурсының бірінші (ЖОО) кезеңін өткізу туралы хабарлаймыз.
Университет қызметкерлері конкурсқа үш номинация бойынша қатыса алады:
- Медициналық жоғары оқу орнының үздік оқытушысы (әдістемелік нұсқаулардың № 3 қосымшасы).
- Денсаулық сақтау саласындағы үздік ғалым (әдістемелік нұсқаулардың № 5 қосымшасы).
- Денсаулық сақтауда саласындағы үздік жас зерттеуші (әдістемелік нұсқаулардың № 5 қосымшасы).
Конкурстың бірінші (ЖОО) кезеңіне қатысу үшін 2023 жылғы 15 мамырға дейін мынадай құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде электрондық түрде тапсырылады:
- номинациясын көрсете отырып конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- еркін нысанда (PDF форматында);
2) фотосуреті бар түйіндеме (PDF және Word форматында);
3) конкурсант жұмыс істейтін бөлімше басшысы куәландырған кәсіби қызметі туралы есеп («Медициналық ЖОО-ның үздік оқытушысы» номинациясы бойынша кафедра меңгерушісі және мектеп деканы, «Үздік ғалым» және «Үздік жас зерттеуші» номинациялары бойынша Б.Атчабаров атындағы ФМ ҒЗИ басшысы және ғылым департаментінің басшысы қол қояды) кәсіби қызметі туралы деректер және тиісті номинацияға бағалау әдістемесінде көрсетілген көрсеткіштердің әрқайсысына қол жеткізу жөніндегі ақпаратпен бірге тиісті номинация бойынша бағалау әдістемесінде көрсетілген нысан бойынша кестелік форматта ұсынылады. Есеп көлемі 15 баспа парағынан аспауы керек (PDF және Word форматында);
4) конкурсант туралы бейнеролик (3 минуттан аспайтын);
5) конкурсанттың қалауы бойынша қосымша мәліметтер (10 шрифпен 3 баспа парақтан артық емес PDF және Word форматында).
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар Адам ресурстарын дамыту департаментінің персоналды дамыту басқармасының басшысы Шынар Әшірбаеваның [email protected] электрондық поштасына жіберіледі.