С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ аға лаборант бос лауазымына қабылдауды жариялайды
Ұйымның мекен жайы: Алматы қаласы, Төле би көшесі 94,
Бос лауазымның атауы:1.Фармакология кафедрасының аға лаборанты – 1,0 бірлік.
Кафедра аға лаборантінің жалақысы: лауазымдық айлықақы 158 400 теңгеден бастап.
- Лауазымдық міндеттер
Кафедраның аға лаборанты лауазымын атқаратын қызметкерге мынадай лауазымдық міндеттер жүктеледі: – Кафедра лаборанттарының жұмысын ұйымдастырады;
- Кафедрада жұмыс тәртібін және жалпы тәртіпті сақтау арқылы профессорлық-оқытушылық құрамның қалыпты жұмыс істеуіне жағдай жасайды;
- Оқу үдерісі үшін ақпарат пен материалдарды жинауға және өңдеуге қатысады;
- Оқу қызметіне байланысты әртүрлі есептеу, графикалық және машинкалық жұмыстарды орындайды;
- Бөліммен орындалатын жұмыс бойынша оқу-әдістемелік құжаттаманы дайындауға және ресімдеуге қатысады;
- семинарларға (сұраныс бойынша) техникалық оқу құралдарын (мультимедиялық проектор, ноутбук және т.б.) дайындауды қадағалайды;
- Оқу техникалық құралдарына (микроскоп) техникалық диагностика жүргізуге мастер шақыртуға өтініш қалдыру және оның орындалуын қадағалайды;
- Кафедраға бекітілген материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етуге жауапты (түгендеу, есептен шығару, қабылдау-беру)
- Бөлім мүлкінің (жиһаз, оргтехника және т.б.) сақталуын қамтамасыз етуді қадағалайды;
- Қажетті құралдарды, жабдықты, реактивтерді алуға өтінімдерді уақтылы жасайды және оларды уақтылы алуды қамтамасыз етеді;
- Кафедра қызметкерлерінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін (кеңсе тауарлары және т.б.) алуға және бөлуге қатысады.
– Кафедрадағы барлық іс қағаздарын жүргізу және оны енгізуді орындайды;- Кафедра есептерін және басқа құжаттарды құрастыруға қатысу (табель, орындалған жұмыстардың сағаттық актісі, ай сайынғы клиникалық есеп)
- Бөлім қызметкерлерінің жұмыс уақытының кестесін және жұмыс кестесін тұрақты және уақтылы жасайды;
- Пайдаланушыларға парольдер, электронды жүйеге кіру, оқытушылар ұсынған оқу материалдарының орналасқан жері, бар құралдарды пайдалану бойынша кеңес береді (жүйе дұрыс жұмыс істемеген жағдайда ол ақаулардың пайда болуын тіркейді және менеджерге хабарлайды).
- Нақты жұмыстары бар кафедралар қызметінің бағыты бойынша аға лаборанттардың міндеттері кафедра деңгейінде (кафедра отырысында) жеке бөлінеді.
- Біліктілік талаптары
Аға лаборант лауазымын атқаратын қызметкерге келесі біліктілік талаптары қойылады:
- Жоғары білімнің болуы;
- Жұмыс тәжірибесінің болуы: 1 жылдан кем болмауы;
- Мынандай құзыреттердің болуы;
- Кеңсе техникасын білу (Microsoft Office бағдарламалары (Word, Excel, көшірме, сканер, принтер, мультимедиялық проекторлар);
Анықтама телефоны: 8-727- 3387080 ішкі. 7080, 7024, 7023,7021, 7236


