«С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ бос лауазымға конкурс жариялайды
Бос лауазымның атауы:
Анестезиология және реаниматология кафедрасының меңгерушісі № 2 – 1 бірлік.
Негізгі талаптар:
- Жоғары білімнің болуы;
- Ғылыми дәрежесінің немесе академиялық (PhD) философия докторы дәрежесінің болуы – бейіні бойынша;
- Ғылыми-педагогикалық өтілі кемінде 5 жыл болуы;
- Кафедрада оқытылатын пәндер бейіні бойынша маман сертификатының болуы (уәкілетті мемлекеттік орган берген, жеке тұлғаға нақты мамандық бойынша медициналық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін белгіленген үлгідегі құжат) және медициналық мекеменің штаттық құрамында болуы;
- Соңғы бес жылда білім беру/денсаулық сақтау саласындағы менеджмент бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификаттың болуы (кемінде 36 сағат көлемінде) ;
- Соңғы бес жылда педагогикалық құзыреттіліктер бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификаттың болуы (кемінде 36 сағат көлемінде) ;
- Мемлекеттік тілді және/немесе орыс тілін атқаратын лауазымы шеңберінде тілді толыққанды қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ететін кәсіби деңгейде меңгерген жөн;
- TOEFL — 525, IELTS — 5,5, ҰТО — 75 деңгейінен төмен емес деңгейде ағылшын тілін немесе шетел ЖОО-ның ағылшын тіліндегі білімі туралы дипломды меңгерген жөн.
Кафедра меңгерушісі қызметінің лауазымдық міндеттерінің қысқаша сипаттамасы:
Даярлау бағыттары мен мамандықтары бойынша кафедраның даму стратегиясын әзірлейді. Жұмыс берушілермен және білім беруді басқару органдарымен сыртқы байланыстарды нығайтады және дамытады. Бөлімшені даярлау бағыттары мен мамандықтары бойынша білім беру қызметтері нарығын және еңбек нарығын зерделейді. Мамандарды даярлаудың кафедралық сапа жүйесін әзірлейді, оқу процесінің жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында оқытудың педагогикалық әдістері мен құралдарын анықтай алады, оқытудың барлық нысандары бойынша оқу сабақтарының барлық түрлерін өткізуді ұйымдастырады. Қызметкерлердің оқу, ғылыми, әдістемелік және емдеу жұмыстарының және студенттермен тәрбие жұмыстарының жоспарланған және ағымдағы мәселелерін талқылау бойынша бөлімше отырыстарын өткізеді. Бөлімше пәндері бойынша оқу бағдарламаларын бекітеді, факультет пен университеттің басқа бөлімшелерінің оқу бағдарламалары бойынша қорытындылар дайындайды, бөлімшенің жұмыс жоспарларын және бөлімше оқытушыларының жеке жұмыс жоспарларын бекітеді. Бөлімше қызметкерлерінің арасында педагогикалық жүктеме мен функционалдық міндеттерді бөлуді жүзеге асырады және олардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылайды. Оқу сабақтарын өткізу кезінде оқытудың қазіргі заманғы техникалық құралдарын таңдауды жүзеге асырады және оларды пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Оқу сабақтарының барлық түрлерін жүргізеді, курстық және дипломдық жобаларға, магистранттар мен PhD докторанттарының ғылыми-зерттеу жұмыстары мен диссертацияларына жетекшілік етеді. Студенттердің таныстыру, оқу-өндірістік және педагогикалық практикасын, курстық және дипломдық жұмыстарды ұйымдастырады және басқарады. Курстық емтихандар мен сынақтарды, сондай-ақ жекелеген пәндер бойынша студенттердің аралық тестілеуін өткізуді қамтамасыз етеді, олардың нәтижелерін талдайды және олар туралы бөлімше отырыстарында баяндайды. Аяқталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын және мүмкіндіктің немесе оларды енгізудің нәтижелерін талқылауды ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
- Фотосуреті бар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі түйіндеме;
- ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының паспорты. Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады (көшірмесі);
- Шетелдік азаматтар ҚР-да тұруға ықтияр хаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін);
- Білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы, ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері;
- Психиятрия, наркология диспансерлерінен есепте тұрмайтын туралы анықтама;
- № 075/у «медициналық анықтама» нысаны, флюорография;
- Соттылығының жоқ немесе бар екендігі туралы анықтама;
- Соңғы бес жылдағы қызмет нәтижелері (жеке жетістіктері) (сертификаттардың көшірмелері, негізгі ғылыми, оқу-әдістемелік жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі және т. б.)
- Оқу бағдарламасы бойынша жобаның презентациясы – пәнді оқыту әдістемесі (электронды түрде, көлемі 10 слайдтан аспайтын, регламент – 7 минутқа дейін).
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 2024 жылғы 29 қантарында сағат 12:00-ге дейін Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус, 104 кабинет мекенжайы бойынша немесе [email protected] электронды поштасы арқылы қабылданады.
– Қосымша ақпаратты тел. 87273387058, ішкі тел. – 7021, 7022 арқылы алуға болады.