«Тұлға тағылымы-ұрпаққа аманат»
Жақында профессор Ә.Нұрмұхамбетұлы атындағы патологиялық физиология кафедрасында кафедраның қауымдастырылған профессоры В.М. Сабырахметова С.Д. Асфендияровтың туғанына 137 жыл толуына орай «Тұлға тағылымы-ұрпаққа аманат» тақырыбында М23-007 және М23-008 эдвайзер топтарымен дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шараға университет оқытушылары мен студенттері қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты — студенттерге Санжар Жапарұлының өмірін үлгі ретінде көрсету. Ол тек мемлекет қайраткері емес, сонымен қатар қазақ медицина білімінің іргетасын қалаған тұлға. Басты назар-студенттердің бойында өз оқу орнына деген мақтаныш сезімін ояту және отансүйгіштікке тәрбиелеу.
«Ұрпаққа аманат» деген сөздің мәні — бүгінгі ҚазҰМУ студенттерінің С.Д Асфендияров негізін қалаған университеттің заңды мұрагерлері екенін сезінуі. Дәрігер дипломын алу тек білім алу емес, С.Д.Асфендияров бастап кеткен «Ұлт саулығын сақтау» миссиясын жалғастыру.
Шара барысында топтың студенттері Ақмарал мен Балжанның «Ұлы ғалым және оның мұрасы» деп аталатын презентациясы тыңдалды. Топ студенттері Алтынгуль мен Жанерке қобыз бен гитарада Шәмші әндерін тамылжыта орындады.
С.Д. Асфендияровтың өмірбаяны бойынша білімін тексеру үшін топ студенті Нұрсая студенттермен шағын интерактивті ойын өткізді.
Шара соңында М23-007 және М23-008 топтардың эдвайзері В.М.Сабырахметова бүгінгі шарамыз тек атаулы күнге арналған шара емес, бұл — әлемдік «Тұрақты даму мақсаттарына» сай келетін маңызды қадам. Сіздер студенттер С.Д. Асфендияровтың тағылымын зерделей отырып, сапалы білім алу (ТДМ 4) және болашақта халықтың денсаулығын жақсарту (ТДМ 3) жолындағы өз жауапкершіліктеріңізді түсінулеріңіз керек. Тұлға қалдырған аманат- бұл сіздердің тұрақты болашағыңыздың кепілі» деп сөзін аяқтады.
Эдвайзерлік топтармен өткізген бұл шара студенттерге «Дәрігер» деген атқа лайық болудың қаншалықты қиын, әрі абыройлы екенін түсіндіруді көздейді. С.Д Асфендияровтың қиын-қыстау замандағы қажырлы еңбегі болашақ мамандарды қиындықтан қорықпауға, білімге құштар болуға үндейді.





