ХАБАРАЛАНДЫРУ
Магистратура және докторантура бөлімі, Фармация мектебімен бірлесе отырып (Ресей) Санкт-Петербург мемлекеттік химия-фармацевтикалық университетімен бірлескен білім беру бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 7М07201 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша «Парфюмерия-косметикалық технологиясы» даярлау бағыты бойынша Фармацевтикалық өндіріс технологиясы білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы 2 курс магистранттары арасында КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ!!!
Оқу мерзімі 1 (бір) оқу жылы,оқу барысында білім алушылар магистрлік диссертацияны қорғап және екі жоғары оқу орындарының (С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ және Санкт-Петербург мемлекеттік химия-фармацевтикалық университеті) дипломдарын алып шығады.
Аталған бағдарламаға 2 орын бөлінген, С.Ж Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің есебінен 2 магистранттың оқу ақысы мен жол ақысын (екі жаққа) төлеу қарастырылған.
Санкт-Петербург мемлекеттік химия-фармацевтикалық университетінің жатақханасына тұру магистранттардың қаражаттары есебінен.
Конкурс талаптары: GPA (В+ төмен емес), магистрлік диссертацияның 50 % дайын болуы (1 және 2 бөлімдердің), мақаланың болуы, халықаралық конференцияларға қатысу сертификаттары, университет өміріне белсенді қатысу.
Конкурсқа қатысу үшін ағымдағы жылдың 10 шілдесінен кешіктірмей магистратура және докторантура бөліміне өтініш, транскрипт, ғылыми зерттеулердің орындалуы туралы есеп, мақалалар көшірмелері, сертификаттар және т.б. құжаттарды тапсыру міндетті.
Барлық сұрақтар бойынша магистратура және докторантура бөліміне немесе келесі байланыс телефондарына хабарласыңыз:
Фармацевтикалық технология кафедрасының меңгерушісі. Устенова Г.О., моб.тел.:+77023610145, ішкі. 72-91;
Фармацевтикалық технология кафедрасының оқу меңгерушісі, АлимоваУ.С., моб.тел.: +77023610145, ішкі. 72-91.