ҚазҰМУ-да «Жасыл Фармация» атты ғылыми-практикалық конференция өтті
2026 жылдың 30 сәуірінде С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық Медицина университетінде Фармация мектебінің ұйымдастыруымен «Жасыл фармация» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияға ғалымдар, оқытушылар құрамы, студенттер, магистранттар мен докторанттар, сондай-ақ фармацевтика саласының өкілдері қатысты. Шақырылған спикерлердің қатарында Bionorica Kazakhstan, Medservice Plus ЖШС және «KazWaste» Қазақстан қалдықтарды басқару қауымдастығының өкілдері болды, бұл іс-шараның практикалық бағытын атап өтті.
Конференцияда студенттер мен оқытушылардың ғылыми жетістіктерінің көрмесі өтті. Баяндамаларда фармацевтикалық өндірісте «жасыл» технологияларды енгізу, өсімдік шикізатынынан жасалған дәрілік заттарды әзірлеу, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, сондай-ақ қалдықтарды экологиялық тұрғыдан жауапкершілікпен басқару және қоршаған ортаға әсерді азайту мәселелері қарастырылды.
Қатысушылардың баяндамаларында тұрақты даму қағидаттарын ескере отырып, фармацевтика саласын дамытудың заманауи ғылыми және практикалық тәсілі көрініс тапты. Экологиялық таза және инновациялық шешімдерді енгізуге бағытталған ғылым мен өнеркәсіптің өзара әрекеттесуіне ерекше назар аударылды. Конференция ғылым, білім және фармацевтика саласының өкілдері арасындағы кәсіби диалог, тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты нығайту алаңы ретінде қызмет етті.


















