ХАБАРЛАМА Құрметті Маңғыстау және Атырау облыстарынан келген талапкерлер!
Сізде «Атырау-Маңғыстау» нысаналы гранттары негізінде С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде оқуға мүмкіндігіңіз бар.
- «Атырау-Маңғыстау» Нысаналы гранттары «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламалары тобы бойынша оқытуға бөлінді.
- Маңғыстау немесе Атырау облыстарының нысаналы гранттарын тағайындау конкурсына орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) тапсырған және оның нәтижелері бойынша кемінде 60 балл жинаған тұлғалар қатыса алады. Бейіндік пәндер – химия және биология.
- «Атырау-Маңғыстау» нысаналы грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін ағымдағы жылдың 16 мамыры мен 5 шілдесі аралығында өткізілген ҰБТ сертификаты болуы керек.
- Қабылдау сұрақтары бойынша Қабылдау комиссиясына мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 8 (727) 338-70-27 (ішкі 73-50, 70-71).
- «Атырау-Маңғыстау» Нысаналы гранттары негізінде оқуға түсу туралы сұрақтары бойынша үйлестіруші – Алламбергенова Зоя Бақбергенқызы-87472565695