Ғылыми конференция «ҚазҰМУ Технопаркінің көкжиектері: ғылымды, инновацияларды және денсаулық сақтауды дамытудың конституциялық негіздері»
Құрметті әріптестер!
С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті сіздерді 2026 жылғы 30 шілдеде Қазақстан Республикасы, Алматы қаласында өтетін «ҚазҰМУ Технопаркінің көкжиектері: ғылымды, инновацияларды және денсаулық сақтауды дамытудың конституциялық негіздері» атты ғылыми конференцияға қатысуға шақырады.
Конференция Қазақстан Республикасы Конституциясының күшіне енуіне арналған іс-шаралар аясында өткізіледі және ғылымды, медициналық білім беруді, инновацияларды және денсаулық сақтауды дамытудың конституциялық негіздерін талқылауға бағытталған. Іс-шара барысында ғылыми-технологиялық парктерді дамыту, ғылыми-инновациялық қызметті ұйымдастыру, ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру және технологиялар трансфері мәселелері қарастырылады. Сондай-ақ университеттің ғылыми, білім беру және клиникалық ресурстарын біріктіріп, медициналық технологияларды әзірлеу мен енгізуге бағытталған инновациялық алаң болып табылатын С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Технопаркінің тәжірибесі таныстырылады.
Конференцияға жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының, ғылыми-технологиялық парктердің, медициналық ұйымдардың өкілдері, профессорлық-оқытушылық құрам, жас ғалымдар, отандық және шетелдік сарапшылар, индустриялық серіктестер, инновациялық компаниялар және стартап-қоғамдастық өкілдері шақырылады.
Өтетін орны: ҚазҰМУ, Алматы қ., Төле би көшесі, 94/1, Технопарк, А. Котова атындағы зал
Өтетін күні: 2026 жылғы 30 шілде
Қатысу нысаны: күндізгі
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын
Қатысушыларды тіркеу (Google Forms):
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdn1Spdg7pDsrVvkUuVYGVBGtrq312Z7sJOIOlTQeASaBiBwA/viewform
Тіркелу мерзімі: 2026 жылғы 09 шілде – 17 шілде
Егер баяндамамен сөз сөйлеуге қызығушылық танытсаңыз, тіркелу кезінде баяндамаңыздың тақырыбы мен ұсынылатын тәжірибенің қысқаша сипаттамасын көрсетуіңізді сұраймыз. Іріктеуден өткен қатысушыларға презентациялық материалдарды дайындауға қойылатын талаптар жолданатын болады.
Байланыс ақпараты:
Лопаткина Мария Евгеньевна, Б. А. Атшабаров атындағы ФПМ ҒЗИ Медицина және қоғамдық денсаулық сақтау орталығының меңгерушісі.
e-mail: [email protected]
Құрметпен,
Конференцияның ұйымдастыру комитеті


