Қазақ ұлттық медицина университетіне ДДҰ Еуропалық бюросының директоры алғысын білдірді
ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университетіне 2015 жылдан 2021 жылға дейін ЖОО базасында ДДҰ Еуропалық бюросының медициналық-санитарлық алғашқы көмек жөніндегі кеңсесін орналастырғаны үшін алғысын білдірді. Осы кеңседен 54 елдегі ұйымның жұмысы үйлестірілді. Алматыда ДДҰ кеңсесінің ашылуы Қазақстанға екі жақты жобаларды кеңейтуге мүмкіндік берді: мұнда ғылыми-практикалық зерттеулер, дәрігерлерге арналған тренингтер өткізілді.
Бұл туралы ол ҚазҰМУ студент жастарымен «Денсаулық сақтау жүйелеріміздің болашағы: медициналық-санитарлық алғашқы көмектің беделі, мотивациясы, құзыреттері» тақырыбында өткен кездесуде айтып өтті.
«Әлемдік денсаулық сақтаудағы әрбір саясаткер Алматы мен Астананың декларациялары туралы біледі. Мен медициналық-санитарлық алғашқы көмек орталығы жұмысының бір бөлігі болғанымды мақтан тұтамын. Осы еңселі университетте бола отырып, мен 2016 жылдан 2021 жылға дейін ҚазҰМУ орталығымызды орналастырғаны үшін ризашылығымды білдіремін.
Әлі күнге дәлізге алғаш кірген сәт есімде. Сіздер біздің топқа пана бердіңіздер, маңызды ынтымақтастық орнатуға және маңызды іс-шаралар өткізуге мүмкіндік бердіңіздер. Сондықтан әлі күнге ҚазҰМУ ынтымақтастығымыз жалғасын табуда», – деді ол.