Қазақ ұлттық медицина университетінде Ұстаздар күні атап өтілді
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Ұстаздар күнін атап өтті. Бұл 1301 кәсіби білікті профессорлық-оқытушылық құрамның төл мерекесі. Олар Қазақстан мен әлем медицинасындағы болашақ элита – 15 660 студентке, оның ішінде 37 елден келген 2 828 шетелдік студентке ең үздік білімді береді.
Айта кеткен жөн, профессор-оқытушылар құрамның 78 пайыздан астамын әйелдер қауымы құрайды. ҚазҰМУ қызметкерлері мемлекеттік және салалық наградалармен марапатталған, академиктер, “Болашақ” бағдарламасының түлектері және «Қазақстанның үздік ұстазы» атағының иегерлері. Білім беру 9 мектеп пен факультетте, 75 кафедрада бакалавриат, магистратура, докторантура және резидентураның 84 бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Алматы қаласындағы 162 клиникалық база білім алушылардың тәжірибе алуына арналған. Қазақстандағы әрбір үшінші медицина қызметкері – біздің 100 мыңнан астам түлектеріміздің қатарынан.
Осы оқу жылында профессор-оқытушылар құрамының еңбекақысын арттыру шаралары қабылданды, цифрландыру процесінде елеулі жақсартулар жасалды, мамандардың жұмыс жағдайын жақсарту үшін бизнес-процестер автоматтандырылды. Сондай-ақ оқытушылардың педагогикалық жүктемесін азайту жобасы жүзеге асырылуда.
Профессор-оқытушылар құрамының ғылыми дәрежесін арттыру да шаралары қолға алынды (оқытушылардың педагогикалық біліктілігін арттыруға арналған ауқымды ішкі университеттік TeachHub жобасы), сондай-ақ жарияланымдық белсенділікті ынталандыру жүргізілуде. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 491 оқытушы немесе профессор-оқытушылар құрамының 46% кәсіби және педагогикалық біліктілігін арттырды. Ғылыми басылымдарда жарияланымдық белсенділікті ынталандыру ережесін жүзеге асыру аясында 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 99 қызметкерге 48 849 992 теңге көлемінде ынталандыру төлемдері жасалды.