ҚазҰМУ «Бірлік» кіші Ассамблеясының туған күні
2016 жылдың 31 қазан күні С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Бірлік» кіші Ассамблеясының құрылғанына 3 жыл толуына орай «Бірлігі жарасқан ҚазҰМУ жастары» атты дөңгелек үстел және мерекелік концерт өткізілді. Ассамблея жұмысының негізгі мақсаты жастар арасында Елбасы ұстанған бейбітшілік, ұлтаралық татулық, толеранттылық, ынтымақтастық, татулық саясатын қолдау.
Мерекелік іс-шараны өткізуге Студенттермен жұмыс жөніндегі басқарма және Алматы Қаласы Жастар Ресурстық орталығы қолдау көрсетті. Айтулы іс –шараға Алматы қаласының этно-мәдени орталықтары, «Жарасым» Республикалық Жастар Ұйымы, «Қоғамдық келісім» Коммуналды Мемлекеттік Мекемесі, Алматы қаласы ЖОО-ның студенттері, ҚазҰМУ Студенттік ұйымдарының мүшелері қатысты.
Дөңгелек үстелдің алғашқы құттықтау сөзін Тәрбие жұмысы, әлеуметтік сұрақтар және халықаралық қарым-қатынас жөніндегі проректоры Р.Т. Джумашева Ассамблеяны атаулы мерекесімен құттықтады. Дөңгелек үстел барысында Алматы Қаласы Жастар Ресурстық Орталығының басшысы А .Қ. Ауғанбаева, ҚазҰМУ ректордың кеңесшісі Ж.Ғ.Мустафина, Студенттермен жұмыс жөніндегі басқарма бастығы Л.С Шыңғысбаев Ассамблеяның атқарып жатқан жұмыстарының маңыздылығына тоқталып өтті. ҚазҰМУ «Бірлік» кіші Ассамблеясының атқарған жетістіктерін атап өтті. Сонымен қатар ҚазҰМУ «Бірлік» кіші Ассамблеясының төрағасы, интернатураның 7 курс студенті Ризаев Рафаэль ассамблеяның 3 жыл бойы атқарған жұмыстарына тоқталды. Дөңгелек үстел соңында ассамблеяның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Р. Ризаев, Р.Лобанов, Д.Абдимитова, Б. Сыдыкова, Р.Мурдинов алғыс хаттармен марапатталды.
Дөңгелек үстел «Concordia» театрында ҚазҰМУ студенттерінің және этномәдени орталықтарының мерекелік концертімен жалғасты.