ҚазҰМУ-да Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Осыған орай С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде патриоттық акция өтті.
Іс-шараға университет басшылығы, ардагерлер, профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер, әскери кафедра студенттері мен білім алушылар қатысты.
Шара Мемлекеттік Туды алып шығу рәсімімен басталып, қатысушылар Мемлекеттік Әнұранды орындады.
Акция барысында мемлекеттік рәміздердің тәуелсіз Қазақстанның басты құндылықтарының бірі екені атап өтілді. Әскери кафедра студенттерінің қатысуы жастардың елге деген құрметі мен азаматтық жауапкершілігінің маңызды көрінісіне айналды.
Мемлекеттік рәміздер күні – ел тарихына тағзым етіп, ұлттық бірегейлікті нығайтатын маңызды мереке.
ҚазҰМУ ұжымы барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтайды.



















