ҚазҰМУ-да «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша диссертация қорғалды
2026 жылғы 19 мамырда С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті базасында 6D074800 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша PhD докторант Актолкын Кинязбековна Ибадуллаеваның «Аңдыздың (Inula) кейбір түрлерінен фитосубстанциялар алудың әдістемелік тәсілдемелері және олардың негізінде дәрілік қалыптар жасау» тақырыбындағы диссертациясының жария қорғауы өтті.
Ғылыми кеңесшілері: К.К. Кожанова – фарм.ғ.к., қауым.проф., А.К. Бошкаева – фарм.ғ.д., қауым.профессор.,С.К.Жетерова, фарм.ғ.к., К.Д. Рахимов – м.ғ.д., профессор, академик.
Шетелдік ғылыми кеңесші: И.И. Тернинко – фарм.ғ.д., профессор.
Ресми рецензенттер: Б.А. Сагиндыкова – фарм.ғ.д, профессор,
А.Б. Шукирбекова – фарм.ғ.д., профессор.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері: Х.Т. Дарионо – PhD, профессор, Э.Н. Бекболатова – PhD, А.Б. Джумагазиева – PhD.
Зерттеу нәтижелері бойынша 10 ғылыми еңбек жарияланды, оның ішінде халықаралық журналдардағы мақалалар, патент және пайдалы модель бар.
Диссертациялық кеңестің Төрағасы, фарм.ғ. д., профессор У.М. Датхаев және кеңес мүшелері диссертациялық жұмысты жоғары бағалап, жасырын дауыс беру нәтижесінде Актолкын Кинязбековна Ибадуллаеваға философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы шешім қабылдады.







