ҚазҰМУ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес өтті
2024 жылы 16 ақпанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы Б.С.Әбділдиннің төрағалығымен С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да денсаулық сақтау саласындағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша тиімді жұмысты ұйымдастыру мақсатында семинар өтті.
Семинарға Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы А.Т.Рахимов, Қазақстан Республикасы Алматы қаласындағы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментінің басшысы Ш.А.Әлімхан, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Басқарма Төрағасы-ректоры М.Шоранов, сондай-ақ Алматы қаласындағы ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың басқа да басшылары қатысты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып табылатыны белгілі. Соңғы жылдары бұл бағытта маңызды қадамдар жасалды. Кеңеске қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті тек кінәлілерді анықтау мен жазалауға ғана қысқартуға болмайтынын, алдын алу шараларын әзірлеуге және жүзеге асыруға баса назар аударылатынын атап өтті.
Қатысушылардың айтуынша, еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын бұлжытпай ұстану басты назарға алынуы тиіс. Сонымен бірге сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету үшін қажетті мақсаттар, қағидаттар мен міндеттер, студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы тарапынан «нөлдік толеранттылықты» құру жолымен медициналық қоғамдастықтың барлық өкілдерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту және практикалық міндеттер белгіленді.
Жиналысты ұйымдастырушылар мен қатысушылар атап өткендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен тығыз ынтымақтастықты одан әрі нығайту және денсаулық сақтау қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру ғана сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың табысты профилактикасының кепілі болады.