ҚазҰМУ-дың үздік түлектері «Университет мақтанышы» медалімен марапатталды
Қазақ ұлттық медицина университетінің үздік түлектері «Университет мақтанышы» медалімен марапатталды
ҚазҰМУ Түлектер күні – 2023 мерекелеу аясында әр жылдардың үздік түлектерін марапаттау рәсімі өтті.
«Университет мақтанышы» медалімен марапатталды:
Джусубалиева Тамара Муфтаховна – Репродуктивті медицина институтының директоры, жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, ДДҰ репродуктивті денсаулық жөніндегі сарапшысы
Құрманбекова Сауле Қаспаққызы – университеттің 1972 жылғы түлегі, балалар дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор
Нукушева Сауле Галимовна – университеттің 1977 жылғы түлегі, медицина ғылымдарының докторы, профессор
Касымова Гульнара Пазылбековна – университеттің 1978 жылғы түлегі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қоғамдық десаулық сақтау жоғары мектебінің құрметті профессоры
Абдикалиев Нурлан Абдикалиевич – университеттің 1978 жылғы түлегі, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ стратегиялық даму және ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы
Ракишева Анар Садуакасовна – университеттің 1979 жылғы түлегі, медицина ғылымдарының докторы, профессор
Садыков Болат Нурмурзаевич – университеттің 1980 жылғы түлегі, медицина ғылымдарының докторы, Ресей медициналық-техникалық ғылымдар академиясының академигі
Касымжанова Жанат Какимсеитовна – университеттің 1981 жылғы түлегі, медицина ғылымдарының кандидаты, «Қазақстан-Ресей университеті» Ұлттық білім беру мекемесі жанындағы уақытша бригаданың «Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту орталығы» жобасының жетекшісі
Жайнакбаев Нұрлан Темірбекұлы – университеттің 1986 жылғы түлегі, Қазақ-Ресей медицина университетінің ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор
Мухамедияров Мурат – университеттің 1987 жылғы түлегі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Алматы қаласы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті басшысының орынбасары
Нерсесов Александр Витальевич – университеттің 1990 жылғы түлегі, медицина ғылымдарының докторы, С.Ж. Асфендияров Қазақ ұлттық медицина университетінің «Гастроэнтерология» кафедрасының меңгерушісі
Аденов Малик Молдабекович – университеттің 1994 жылғы түлегі, ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры
Алдашева Нейля Ахметовна – университеттің 1995 жылғы түлегі, медицина ғылымдарының докторы, Көз аурулары ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары
Пазылов Сабит Бексеитович – университеттің 1998 жылғы түлегі, Міндетті медициналық сақтандыру қорының Алматы облысы бойынша филиалының директоры