Білім және ғылым министрлігі, Ғылым қорының 2024 – 2026 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландырудың неғұрлым перспективті жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурсында университет қызметкерлерінің жобасы жеңімпаз атанды
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым қоры ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландырудың 2024 – 2026 жылдарға арналған неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсының жеңімпаздарын анықтады.
Байқау жеңімпаздары қатарында Фармация мектебінің фармацевтикалық технология кафедрасының қызметкерлері, профессор Майгүл Жәлелқызы Қизатова мен доцент Жексенбай Нұршаштың «Бәсекеге қабілетті ашытылған сүт өнімдерін функционалдық мақсатта коммерцияландыру» жобасы да болды.
Жоба ашытылған сүт өнімдерін өндіру мақсатында «Функционалды йогурт өндіру әдісі» және «Жұмсақ ірімшік өндіру әдісі» патенттері негізінде жүзеге асырылады.
Оны жүзеге асыруға «С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ, «Анадел» ЖШС және «KAZNMU ENDOWMENT» қоғамдық қоры қатысуда.
Әріптестерімізді құттықтаймыз! Сіздерге жобаны сәтті жүзеге асыруға және ғылыми қызметіңізге одан толағай табыс тілейміз.