Денсаулық сақтаудағы кадрлық ресурстарды стратегиялық басқарудың тұрақты даму тәсілдері
2025 жылғы 4 сәуірде С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Денсаулық сақтаудағы адам ресурстарын стратегиялық басқару: тұрақты даму тәсілдері» тақырыбында семинар өтті. Семинар ҚазҰМУ-дың Х. Досмұхамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің денсаулық сақтау саясаты және менеджменті кафедрасының ұйымдастыруымен өтті.
Денсаулық сақтау тек технология, құрал-жабдықтар және инновациялар ғана емес, ең алдымен адамдарға: дәрігерлерге, медбикелерге, әкімшілерге, менеджерлерге қатысты. Білікті кадрлардың жетіспеуі мен кәсіби шаршау медициналық көмектің сапасына, соның салдарынан ұлт денсаулығына әсер етуі мүмкін.
Сондықтан бұл семинар тұрақты дамуға баса назар аудара отырып, денсаулық сақтаудағы стратегиялық адам ресурстарын басқарудың заманауи тәсілдерін талқылауға бағытталған.
Семинар қызықты баяндамаларға, аналитикалық ой-пікірлерге және адам ресурстарын жоспарлау, ынталандыру және медициналық қызметкерлердің тұрақты дамуы саласындағы озық тәжірибелерді талқылауға толы болды.
Іс-шарада спикерлер:
– Әбеуова Жәмила Санаққызы – Алматы облысы денсаулық сақтау мекемесінің «Еңбекшіқазақ көпсалалы орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнының директоры;
– Кульжанов Мақсұт Кәрімұлы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚазҰМУ денсаулық сақтау саясаты және менеджмент кафедрасының профессоры;
– Нукушева Сауле Галимовна – медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚазҰМУ денсаулық сақтау саясаты және менеджмент кафедрасының профессоры;
– Файзуллина Камила Мұхаметқалиқызы – PhD докторы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Салидат Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамытудың ұлттық ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Алматы қалалық филиалының басшысы;
– Мамырбекова Салтанат Апбасқызы – PhD докторы, ҚазҰМУ ИДПО директоры;
– Мұқашев Нұржан Төлеусейітұлы – м.ғ.д., PhD, MHSA, СДУ Университеті Денсаулық сақтау саясаты және менеджменті орталығының директоры;
– Абаева Шамшырақ Болатқызы – еМБА, Қазақстандық денсаулық сақтау менеджерлерінің қауымдастығының Алматы қалалық филиалының жетекшісі.
Жетекші сарапшылар өз тәжірибелерімен бөлісті және денсаулық сақтаудағы сенімді HR стратегиясын әзірлеу үшін тиімді шешімдерді ұсынды.