«Есірткіге жол жоқ!» республикалық акциясы аясында ауқымды флешмоб өткізілді
2026 жылғы 18 маусымда Алматы қаласының жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында «Есірткіге жол жоқ!» республикалық акциясы аясында ауқымды флешмоб өткізілді.
Іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен және Алматы қаласы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен өткізіліп, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, есірткіге тәуелділіктің алдын алуға, сондай-ақ азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.
Аталған бастамаға С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенттері белсенді қатысып, қоғамдағы қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға және есірткі мен жемқорлыққа қарсы күресті қолдайтындықтарын көрсетті.
Біз – салауатты өмір салтын, адалдықты, заңдылықты және жарқын болашақты қолдаймыз!




