«Жанашыр» мемориалдық кешенінде Айқан Ақанов атындағы жеке тақта ашылды (Фото)
16 сәуірде Наурыз мейрамын мерекелеу шарасы аясында Университетте ҚазҰМУ бұрынғы ректоры Айқан Ақанов атындағы жеке тақтаның салтанатты ашылу салтанаты өтті. Жеке тақтаны ашу туралы шешімді ҚазҰМУ Ғылыми Кеңесі академик Төрегелді Шармановтың ұсынысымен қабылдады.
Ашылу салтанатына бірінші проректор – ҚазҰМУ ректорының міндетін атқарушы Нұргүл Хамзина, ЖОО басшылығы, академик Төрегелді Шарманов және Камал Ормантаев, оқытушылар, қызметкерлер мен студенттер қатысты.
Төрегелді Шармановтың сөздерімен айтар болсақ, «Жанашыр» мемориалдық қабырғасында университеттің жоғары мәдениетті, рухани және мол мұраға қол жеткізуіне септігі тиген, осы күнге жеткізген адамдардың есімдері жазылған. Айқан Ақанов Университеттің дамуына мол үлес қосты, ЖОО-да жан-тәнімен еңбек етті».
Айқан Ақанов академик Төрегелді Шармановқа осы жылдар бойы көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін шексіз алғысын білдірді.
«Төрегелді Шарманұлы – осы жылдар бойы жанымда болып, көмегін көрсетіп, ыстыққа да, суыққа да бірге төзіп жүрген адам. Соның арқасында, соның тікелей басшылық етуімен Университеттегі барлық өзгерістер жасалды. Тіпті еліміздегі тұңғыш «Конкордия» унивенрситеттік театры да соның үлгілері бойынша жасалды. Сол себепті ұжым алдында Төрегелді Шармановқа алғыс айтамын», – деді Айқан Ақанұлы. Сонымен қатар, ол ұжымға еліміздегі көне университеттің бір бөлігі ретінде құрмет көрсеткендері үшін рахмет айтты: «Осы қабырғада ЖОО-ң бүкіл тарихы жазылған, барлық кафедра меңгерушілерінің есімдері көрсетілген, бұл жерден ұстаздарымыздың, 75 мың түлектеріміздің күш-қуаты сезіледі…»
Айқан Ақанов атындағы жеке тақта Университеттің Даңқ Галереясында «Жанашыр» қабырғасында АГМИ экс-ректоры Қуаныш Маскеевтің тақтасынан кейін орнатылды. Тақтада: «Университет дамуының ертеңі үшін еңбек етті» деп жазылған.
ҚазҰМУ Баспасөз қызметі