«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ!
Жалпы медицина мектебінің 1-курс білім алушылары «Заң мен тәртіп» қалалық профилактикалық форумы аясында ұйымдастырылған «Жарқын болашақ» іс-шарасына қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында заң мен тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру, жауапкершілік пен азаматтық ұстанымды нығайту, сондай-ақ жастарды қауіпсіз әрі жарқын болашақ құруға бағыттау.
Білімді ұрпақ – заңды құрметтейді!
Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының негізі!Жарқын болашақ – біздің қолымызда!











