Иммунология пәні бойынша Бірінші Республикалық Олимпиада
Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының ұйымдастыруымен 8 қараша 2022 жылы Жалпы медицина -1 мектеп 3 курс студенттерінің арасында иммунология бойынша Бірінші Республикалық Олимпиада өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша Жалпы медицина -1 мектеп 3 курс студенттері өз білімдерін көрсетіп, жүлделі орынға ие болды.
Атап өтетін болсақ:
Қазақ бөлімінен:
1-ші орын – Әбдіраман Әсем
2-ші орын – Қындыбай Ақнұр
3-ші орын – Дайырбек Ләззат
Орыс бөлімінен:
1-ші орын – Имашева Тогжан
2-ші орын – Сапкина Урсула
3-ші орын – Онайбаева Саяжан
Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының меңгерушісі Сейтказимова Б.Т. студенттерге алғысын айтып, сыйлықтармен және дипломдармен марапаттады.
Студенттерімізді жеңістерімен құттықтаймыз! Болашақта білікті маман иесі болуларын тілейміз.