«Молекуладан пациентке дейін: бұл жолдағы сіздің орныңыз қандай?» тақырыбында мотивациялық кездесу өтеді
2026 жылғы 4 қарашада С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да «Молекуладан пациентке дейін: бұл жолдағы сіздің орныңыз қандай?» тақырыбында мотивациялық кездесу өтеді.
Спикер:
Блатов Равиль Мустафаевич — С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың Фармация мектебінің 2011 жылғы түлегі, «Фармация» бейіні бойынша PhD, «Johnson & Johnson Kazakhstan» ЖШС коммерциялық тиімділік және нарыққа қолжетімділік бағытының жетекшісі.
Қазіргі фармацевтикада жаңа дәрілік заттың ғылыми идея мен молекуладан бастап пациентке жетуіне дейінгі жолы — күрделі әрі көпсатылы үдеріс. Оның әр кезеңінде зерттеушілердің, өндіріс мамандарының, клиникалық фармацевтердің, реттеуші органдар мен нарыққа қолжетімділік саласы мамандарының үйлесімді жұмысы маңызды рөл атқарады.
Студенттер мен жас мамандар үшін осы кезеңдерді түсіну, фармацевтикалық индустриядағы кәсіби бағыттармен танысу және болашақ мансаптық жолын дұрыс айқындау ерекше маңызды.
Дәріс барысында дәрілік заттың молекуладан пациентке дейінгі жолының негізгі кезеңдері, фармацевтикалық индустриядағы мамандардың рөлі, нарыққа қолжетімділік мәселелері және жас мамандарға арналған кәсіби мүмкіндіктер қарастырылады. Спикер өзінің тәжірибесімен бөлісіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап береді.
Күні: 2026 жылғы 4 қараша
Уақыты: 15:00–16:00
Өтетін орны: №7 оқу корпусы, №6 аудитория
Ұйымдастырушылар:
Фармация мектебі
«Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация» кафедрасы
Барлық білім алушыларды, оқытушыларды, зерттеушілерді және қызығушылық танытқан қонақтарды дәріске шақырамыз!



