«Неврологияның заманауи аспектілері» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы
«2019 жылдың 5-6 желтоқсан айында Университет Күні» қарсаңында жүйке аурулары нейрохирургия курсымен кафедрасы «Неврологияның заманауи аспектілері» атты қалалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын 4 желтоқсан 2019 жылы өткізеді, басталуы сағат 15.30. Өткізу орны: №1 ҚКА.
Аталған шара ғылыми-тәжірибелік потенциалдың артуына, кәсіби білімнің жоғарлауына жоғары мотивация береді. Конференцияға дәрігер-неврологтар, терапевтер, ЖТД, нейрохирургтар, Алматы қаласының нейрореабилитологтары С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ мен басқа да ЖОО интерндері мен резиденттері қатысады. Аталған шарада дәлелді медицина тұрғысынан неврологияның өзекті мәселелері талқыланатындықтан кең ауқымды ақпаратқа ие.
Конференцияда Қазақстанның жетекші неврологтарының шығуы жоспарланған. Профессор Нургужаев Е.С. – ҚР неврологтар ассоциациясының торағасы ұйқының бұзылысы және инфекциялық емес ауруларда алатын орны мен оларды шешу жолдары сұрақтары қамтылған. Профессор Раимкулов Б.Н. баяндамасында невролог тәжірибесіндегі ауру синдромдарының ажырату диагностикалық критерийлері туралы атылады және ол өз кезегінде стационардағы дәрігерлерге ғана емес, сонымен қоса біріншілік медико-санитарлық дәрігерлерге де ақпаратты және пайдалы. Кафедра меңгерушісі Туруспекова С.Т. Ми қантамыр және нейродегенеративті аурулар кезіндегі деменция мен когнитивті бұзылыстардың диагностикасы мен емінің Еуропалық стандартымен тындармандарды таныстырады.
Аталған конференция дәрігерлердің, интерндардың, резиденттердің біліктілік дәрежесін арттырады деп сенеміз
Хаттама №5 10.10.2019 жыл.
Жүйке аурулары нейрохирургия курсымен кафедрасы.
Қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция бағдарламасы
«Неврологияның заманауи аспектілері»
4 желтоқсан 2019 жыл, басталуы 15.30. Өткізу орны: №1 ҚКА.
Тіркелу уақыты 15.30.
№ | Баяндама | Аты-жөні |
15.50-15.55
|
Конференция қатысушыларына алғы сөз | Шопаева Г.А. м.ғ.д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ЖММ деканы |
15.55-16.00 | Конференция қатысушыларына алғы сөз | Пазилов С.Б. №1 ҚКА медициналық директоры |
16.00-16.30 | Ми қан тамыр аурулары мен нейродегенеративті аурулар кезіндегі когнитивті бұзылыстарды анықтау және емдеу Еурапалық стандарттары
|
Туруспекова С.Т.
Кафедра меңгерушісі |
16.30-17.00 | Ұйқы бұзылысы және коррекциялау жолдары. | Нургужаев Е.С.
м.ғ.д. профессор Атантаева Э.Б. м.ғ.к., доцент |
17.00-17.30 | Невролог тәжірибесіндегі ауру сезімі | Раимкулов Б.Н.
м..д.профессор |
17.30-18.00 | Талқылау, пікірталас, конференцияның жабылуы. |