«Отбасылық құндылықтар» шеңберінде өткізілген іс-шара есебі
2023 жылдың 9 ақпанында Х.Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінде «Ынтымақ» еріктілер қоғамдық бірлестігінің маманы Бубнова Татьяна Валентиновнамен «Отбасылық құндылықтар» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге АИТВ-жұқпасы курсы бар эпидемиология, Нутрициология, Қоғамдық денсаулық кафедраларының оқытушылары және «Қоғамдық денсаулық» мамандықтарының 2-3 курс студенттері қатысты.
Отбасылық құндылықтарды қалыптастыру жоғары оқу орындарының тәрбие жұмысының басым бағыты болып табылады. Жастарды отбасына дайындау – бұл кәсіби қызметке дайындық, қоғамдағы өмірге бейімдеу сияқты маңызды мәселе. Т. Бубнова отбасы мен отбасылық құндылықтар әрқашан кез-келген қоғамның негізінде жатқанын атап өтті. Мәдени ерекшеліктеріне қарамастан, балалар отбасыларда туады, тәрбиеленеді және өседі, бірте-бірте өз халқының толыққанды өкілдеріне айнала отырып, аға ұрпақтың тәжірибелері мен дәстүрлерін қабылдайды. Кездесуге тәрбие-әлеуметтік департаментінің маманы – Әнеш Айгерім Тұрғанжанқызы қатысып осындай шаралардың студенттерге қажет екенін айтып, кездесу қызықты өткенін және болашақта осындай шараларды жастар арасында жиі өткізуге шақырды. Кездесуге Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясының жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының ассистенті, сарапшы-эпидемиолог Алиев Даулет Сабырович қатысысып кафедрада осындай игі істер жасалып жатқанына, қазіргі таңда отобасы құндылықтарға ден қойған шақта студенттермен осындай шара өткізудің өте қажет екенін атап өтті. Нутрициология кафедрасының доценті А.Н.Қожахметова біздің әрқайсымыз отбасында отансүйгіштік сезіміз, жақындарымызға деген сүйіспеншілік пен құрмет, жомарттық, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік сияқты жалпыадамзаттық құндылықтар туралы жайлы баяндады. Тәрбие жұмысы бойынша жауапты лектор Ж. Б. Бейсенбинова студенттердің назарын осы мәселеге аударды, отбасы бір мезгілде махаббат мектебі де, адамгершілік мектебі де, біздің ішкі құндылықтарымыздың қайнар көзі екендігі туралы айтты. Кездесу барысында берілген мәліметтер студентердің қызығушылығын тудырып студенттер белсенді қатысып, отбасылық құндылықтар туралы пайдалы ақпарат алды. Өткізілген іс-шара үшін Т.В.Бубноваға және студенттерге белсенді қатысқаны үшін алғыс сөздер айтылды. Кездесу соңында студенттер отбасылық құндылықтар туралы өздерінің фото коллажын ұсынды.
Ұйымдастырушылары: Бейсенбинова Ж. Б., Байбосынов Е. У., Қожахметова А. Н., Рамазанова М. А., Айымбетова Г. Е., Алекешева Л. Ж., Темірбаева Л. Ж., Алимханова К.Н. Дәулетбакова А. М., Бейсембинова Н. О.