Оңтүстік Кореялық студент ҚазҰМУ неліктен оқуға түскенін айтты
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің бүкіл әлемге медицина бойынша білім беру деңгейі әлемнің жетекші оқу орындарынан кем түспейтін, Орталық ТМД мен Азияның үздік жоғары оқу орындарының бірі екені бұрыннан белгілі. Жыл сайын шетел студенттерінің саны артып, ҚазҰМУ оқуға келетін студенттер елдерінің географиясы ұлғаюда. Қазіргі таңда университетте әлемнің 22 елінен 2000 жуық шетелдік студенттер білім алуда!
ҚазҰМУ дипломымен кез келген елдің азаматы тек біздің елде ғана емес, Қазақстаннан тыс жерлерінде де жоғары бағаланатын білім, дағды және тәжірибе жүгін алады.
Мұның жарқын үлгісі – Аран Ким. Аран Ким Оңтүстік Кореяда туып өскен, бірақ ҚазҰМУ дәрігер мамандығын игеруге нық бел буған. Болашақ дәрігерді Отаннан алыс қашықтық та, тілдік кедергі да қорқытпады. Қазақстан университетіне оқуға қабылданғанда, түлек қазақ және орыс тілдерін мүлде білмеген. Дегенмен, Аран өзінің таңдауына еш өкінбейді.
«Университетке түсу кезінде маған ең ауыр тілдік қиындықтар болды, өйткені менің орыс тілім жеткіліксіз еді. Кейбір пәндер орыс тілінде болғандықтан, іс жүзінде науқастармен орыс тілінде сөйлесу қажет болды. Орыс тілін үйренуге топтастарым өте жақсы көмектесті.С.Ж. Асфенденияров атындағы ҚазҰМУ 2013 жылы түстім. Бакалавриат және интернатураны бітірдім. Бізге ағылшын тілінде білім берілді, оқу жоспарлары шетелдікке ұқсас болды», – деп атап өтті ҚазҰМУ түлегі.
Қазір Аран Ким Сеул университетінің резидентурасына түсіп, оқуын өз Отанында жалғастыруға шешім қабылдады. ҚазҰМУ кез келген басқа студентінің де осындай мүмкіндіктері бар, өйткені еліміздің бірінші медициналық ЖОО дипломы қазір сол жерде де бағаланады. Түлек шетелдік жоғары оқу орнына қалай түсуге болатынын айтып берді.
«STEP 1. Университеттің аккредитациясы STEP 2. Лицензиясын растау STEP 3. Резидентураға құжаттарды және сұхбатты тапсыру. Алдымен университетімізді аккредиттеуден өткізу керек болды. Биыл бұл үрдісті Университет ректоры Нұрғожин Талғат Сейітжанұлы мен халықаралық медицина факультетінің арқасында өткердік. ЖПД лицензиясын растау үшін 4 емтихан тапсыру қажет. Шетелде медициналық университетті бітірген студенттерге арналған 2-жазбаша және OSCE және барлық студенттер үшін 2 емтихан. Емтихан нәтижесі бойынша резидентураға түсуге болады», – деді Аран.
Болашақ дәрігер келешекте қай салада жұмыс істейтінін әлі шешкен жоқ. Бірақ ол Қазақстанға келу мүмкіндігін міндетті түрде қарастыратынын атап өтті. Түлек болашақ дәрігер үшін ең бастысы – науқасқа қамқорлық жасау, мейірімділік, кәсібилік сияқты негізгі қағидаларды білу екенін атап өтті.
«Әрине, барлық мамандықтар маңызды, бірақ дәрігер – бұл біреуге қажет болатын және бола алатын мамандық. Бұл менің дәрігер болу және адамдарға көмектесу үшін арманыма жақындау – ҚазҰМУ және менің білімім мен іскерлігіме зор әсер еткен барлық мұғалімдеріме дән ризашылығымды білдіремін. Қай жерде оқу маңызды емес, қалай оқу маңызды, ал ҚазҰМУ өте жақсы білім береді!»,- деп қорытындылады Оңтүстік Кореялық студент.