Профессор А.Ақанов шәкіртақысына құжаттар қабылдау басталды
«Қоғамдық денсаулық сақтау институты» жекеменшік мекемесі (ары қарай – Институт) 2008-2016 жылдары ҚазҰМУ ректоры қызметін атқарған, медицина ғылымдарының докторы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Ақанов Айқан Ақанұлы шәкіртақысын тағайындады.
Шәкіртақы тағайындауының басты мақсаты: студент, интерн және резиденттерді ынталандыру. Оқу үлгерімінің жақсы болуы, ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы жетістіктер және жоғары қоғамдық белсенділік бұл шәкіртақының басты критерийлері болып табылады.
Шәкіртақы конкурсттық негізде 1 оқу жылына және айына ақшалай 30,000 теңге көлемінде тағайындалады.
Жалпы саны 2 шәкіртақы, біріншісі бакалавриаттың кез-келген курсының студенті немесе интернатураның 1 курс студентіне, ал екіншісі резидентураның 1 курс білім алушысына беріледі.
Шәкіртақы конкурсына өтініш бере алатын білім алушылар:
- С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, барлық мамандықтарының, кез-келген оқу негізі (грант немесе келісім-шарт) мен оқу тілдерінің (қазақ, орыс, ағылшын) студенттері\интерндері\резиденттері (бітіруші курстардан басқа).
Шәкіртақы конкурсына өтініш беруге арналған барлық құжаттар жиынтығы:
-Білім алушынының жеке куәлігінің көшірмесі;
-ЖСН көшірмесі;
-Оқу үлгерімінің рейтингтік баллы (GPA) көрсетілген транскрипт;
-Семинар, конференциялардың бағдарламалары және ғылыми мақалалардың баспа-таңбасымен берілген жарияланымдардың тізімі;
-Университеттің қоғамдық өміріне қатысуы көрсетілген ҚазҰМУ студенттік ғылыми үйірмелерінен үміткерлер ұсынысы немесе үміткерлердің жеке өтініші;
-Түйіндеме немесе CV;
-Халықаралық, республикалық, қалалық ғылыми конференцияларына, медицина мамандықтарына байланысты қысқы және жазғы мектептерге қатысуын растайтын сертификаттар;
-Қазақ немесе орыс тіліндегі 750 сөзден аспайтын «Мен дәрігер мамандығын таңдадым» тақырыбындағы мотивациялық хат. Бұл хатта үміткер жайлы, оның жетістіктері және дәрігер мамандығына шынайы берілгендігі жөнінде (алған білімі мен тәжірбиелік дағдылары кәсіби маман болуға қалай көмек беретіні туралы) ақпараттар болуы тиіс;
-Бухгалтериядан қаржылай қарызы жоқ екендігі туралы анықтама (келісім-шарт бөлімінде оқитын білім алушылар үшін);
-Конкурстық комиссияға берілген құжаттар тізімі.
Іріктеу критерийлері:
-барлық оқу жылындағы үлгерімінің жоғары рейтингтік баллы;
– академиялық қарыздардың болмауы;
– ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене қатысу (жарияланған мақалалар, баяндамалармен ғылыми, ғылыми-зерттеу семинарлары мен конференцияларына қатысуы)
– университеттің қоғамдық өміріне белсене араласу;
Іріктеу үрдісі:
Үміткерлерді іріктеуді арнайы Комиссия жүргізеді. Комиссия құрамын Институт құрылтайшылары бекітеді. Комиссия құрамына Ректордың келісімімен ҚазҰМУ білім алушылары мен профессорлық-оқытушылар құрамынан өкілдер кіре алады. Келесі оқу жылына шәкіртақы иегерлерінің тізімі «Ақанов оқулары: МӘМС жағдайындағы салауатты өмір салтын қалыптастыру ынталандырудың жаңа мүмкіндіктері» атты халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференциясында беріледі және жеңімпаздарға шәкіртақыны тағайындау туралы арнайы сертификат табысталады.
Құжаттарды қабылдау:
Құжаттарды «экономика және денсаулық сақтаудағы менеджменттің интеграцияланған жүйелері» кафедрасының INTRO II, 6A кабинетіне, доцент Аимбетова Гульшара Ергазыевнаға (тел: +77013561128) өткізу тиіс. Қосымша сұрақтармен қоғамдық денсаулық сақтау институтының электронды мекен-жайы iph_info @mail.ru немесе +77015832333 нөміріне Институт өкілі-Индершиев Арслан Мурзабековичқа хабарласуға болады.
Құжаттарды қабылдау 2020 жылдың 15 ақпаны мен 30 наурызына дейін жалғасады.
Шәкіртақы демеушісі: «Қоғамдық денсаулық сақтау институты» жекеменшік мекемесі