Профессор Суғралиев Жапония Халықаралық денсаулық және әл-ауқат университетінің студенттеріне дәрістер циклін өткізді
2024 жылдың 13–24 қазан аралығында С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі А.Б. Сугралиев академиялық мобильділік бағдарламасы аясында Токио маңындағы Нарита қаласында орналасқан International University of Health and Welfare университетінде жұмыс сапарымен болды.
Бағдарлама барысында ол профессор Tatsuo Shimosawa келісімімен университеттің медицина факультетінің 6-курс студенттеріне жүрек-қан тамыр аурулары, атап айтқанда жүрек жеткіліксіздігі, веноздық, жүрекішілік және артериялық тромбоздар бойынша бірқатар дәріс оқыды.
Студенттердің тәртіп деңгейі жоғары, аудитория дәрістер басталмай тұрып, таңғы 8:00-ге дейін толық жиналған.
Презентация суреттерін түсіруге қатаң тыйым салынған.
Әр дәрістен кейін күрделі клиникалық жағдайлар бойынша интерактивті талқылаулар өткізілді.
Студенттер сапалы ақпарат үшін алғыс білдірді.
Талқылау барысында студенттердің шетелдік клиникалық тағылымдамаларға шығу мүмкіндіктері бар екені анықталды.
Дәрістерден кейін оқытушылар ҚазҰМУ мен Жапония университеті арасындағы білім және клиникалық тәжірибе саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
А.Б. Сугралиев көпсалалы Нарита клиникалық ауруханасының жұмысымен танысып, түрлі жағдайдағы пациенттерді қарау мен талқылауға қатысты.
Маңызды ерекшелік ретінде:
шетелдік студенттер пациенттерге қол жеткізу үшін жапон тілінен емтихан тапсырады, бұл тәжірибе ҚазҰМУ-дағы шетелдік студенттер үшін үлгі ретінде қарастырылуы мүмкін;
аурухана орманды аймақта орналасқан, жер сілкінісі кезіндегі эвакуацияға арналған кең дәліздері бар;
ем алушылардың ішінде Қазақстаннан және көрші Азия елдерінен келген пациенттер бар.
International University of Health and Welfare — 1995 жылы құрылған жас, бірақ Жапониядағы жетекші жеке университеттердің бірі.
Бес қалада кампустары бар.
Түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі шамамен 100%.
9 мектеп, 27 кафедрадан тұрады.
АҚШ, Еуропа және Азияның жетекші университеттерімен тығыз байланыста.
ТМД ішінде Сеченов университеті (Мәскеу) және Беларусь мемлекеттік медициналық университетімен ынтымақтастық орнатқан.
А.Б. Сугралиевтің академиялық мобильділігіне Жапониядағы қазақ диаспорасы қоғамының төрағасы, Шова медициналық университетінің доценті Джуничиро Такахаши (Әбдібек Абай Қалибекұлы) белсенді қолдау көрсетті. Ол қазіргі уақытта Миды талдау және цифрлық медицина ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істейді.

















